Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Зура Құлмырзақызы Шутаева"
(→Кіріспе бөлімін өңдеді) |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
| |
19:29, 2026 ж. маусымның 25 кезіндегі нұсқасы
Шутаева Зура Құлмырзақызы<ref name="source1">Қазақ Энциклопедиясы</ref> (1937 жылы туған, Ерейментау ауданы Олжабай батыр ауылы) – қоғам қайраткері, комсомол, партия, кеңес қызметкері. Көкшетау қаласының Құрметті азаматы. Еңбек жолын Көкшетау ауданы халық сотының хатшысы болып бастаған. Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика институтын бітірген. 1959 – 61 ж. Шағалалы орта мектебінде мұғалім, 1961 – 70 ж. Көкшетау облысы комсомол комитетінің хатшысы, 2-хатшысы, 1970 – 71 ж. облысы партия комитетінің ұйымдастыру бөлімінде нұсқаушы, 1971 – 82 ж. Көкшетау қалалық атқару комитеті төрағасының орынбасары, 1982 – 91 ж. облысы атқару комитеті төрағасының орынбасары, 1991 жылдан Көкшетау облысы Әйелдер кеңесінің төрайымы, 1998 жылдан Көкшетау қаласы әкімі жанындағы Отбасы және әйелдер мәселелері жөніндегі кеңестің төрайымы. «Құрмет Белгісі» орденімен, үш медальмен, ҚазКСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған. Қазіргі таңда зейнетте.
Дереккөздер
<references/>