Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Тизенгаузен Владимир Густавович"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
ш (clean up, replaced: ҒА-ның → ғылым академиясының using AWB)
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

19:29, 2026 ж. маусымның 25 кезіндегі нұсқасы

Тизенгаузен Владимир Густавович (1825, Нарва қ., Эстония – 2.11.1902, Санкт-Петербург) – шығыстанушы ғалым, тарихшы, археолог, нумизмат, Ресей ғылым академиясының корреспон- дент мүшесі (1893). 1848 ж. Санкт-Петербург университетінің шығыстану бөлімін бітірген. 1861 ж. жаңадан ашылған Археологиялық комиссияға қызметке орналасып, өмірінің соңына дейін жұмыс істеді. 1873 ж. “Шығыс халифатының теңгелері” деген еңбегі жарық көрді. Нумизматика саласына қосқан елеулі еңбегі үшін оны Орыстың императорлық археологиялық қоғамы күміс медальмен марапаттады. 1876 – 78 ж. Таман түбегіндегі б.з.б. 4 ғ-ға жататын “Ағайынды жетеу” атты қорғанға археологиялық қазба жұмысын жүргізді. Археологиялық комиссияның төрағасы, граф С.Г. Строгановтың жеке қаржысы есебінен Алтын Орда туралы шығыс деректерін жинастырды. Алтын Орда тарихына қатысты араб деректерінен тұратын материалдар жинағын 1884 ж. жариялап, парсы деректерінен тұратын материалдар жинағын баспаға әзірледі. Бірақ оның бұл еңбегі тек 1941 ж. жарық көрді. <ref>Қазақ ұлттық энциклопедиясы, 8 том</ref>

Дереккөздер

<references /> Үлгі:Суретсіз мақала

Үлгі:WikifyҮлгі:Stub