Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Біржан Оразов"
ш (→Қайрат) |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
| |
19:05, 2026 ж. маусымның 25 кезіндегі нұсқасы
Үлгі:Мини-футболшы Біржан Арманұлы Оразов (17 қазан 1994 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз қаласында дүниеге келген) — қазақ спортшысы, Футзалдан Қазақстан ұлттық құрама командасы мен алматылық «Қайрат» футзал клубының ойыншысы. Футзалдағы амплуасы - қорғаушы <ref>Үлгі:Cite web</ref>. Оң аяқты әмбебап ойыншы.<ref>Үлгі:Cite web</ref> Ол футзалдағы өзінің шеберлігі мен жылдамдығымен танымал<ref>Үлгі:Cite web</ref>.
Мазмұны
Өмірбаяны
Біржан Оразов 2015 жылдан бері Қазақстан құрамасы сапында ойнап келеді және көптеген халықаралық турнирлерде Қазақстан намысын қорғады<ref>Үлгі:Cite web</ref>. Ол 2021 жылғы Футзалдан Әлем чемпионатына қатысты<ref>Үлгі:Cite web</ref>.
Біржан Оразов өзінің кәсіби мансабында бірнеше рет "Қайрат" футзал клубымен Қазақстанның чемпионы атанды<ref>Үлгі:Cite web</ref>. Ол "Қайрат" сапында Еуропа чемпиондары лигасында да да өнер көрсетті<ref>Үлгі:Cite web</ref>.
2022 жылы футзалдан Еуропа чемпионатында 7 гол соғып, чемпионаттың үздік сұрмергені ретінде танылды.
Біржан Оразов мектеп жылдары "сен ештеңеге қол жеткізбейсің" деген сөздерді жиі естігенін айтады, сондықтан өз армандары мен мақсаттарын ұстану керектігін айту үшін 2023 жылы жас жігіттерге арналған мотивациялық бейнеролик түсірді. Ол бала кезінде әкесімен бірге өмір сүрмей, анасы мен әпкесінің жанында өскенін, ал анасы жұмыс істеп, балаларын қамтамасыз еткенін атап өтті<ref>Үлгі:Cite web</ref>.
Оразовтың айтуынша, ол үлкен футболға қызығушылық танытқанымен, футзалға бет бұрды және алғашқы ақшасын колледжде оқып жүргенде тапты. Өзінің ең үлкен табысын құпия сақтап, бірақ анасы мен әпкесіне жақсы сыйлықтар жасап, жақында әйеліне Lexus RX 350 көлігін сыйға тартқанын айтты<ref>Үлгі:Cite web</ref>.
Қайрат
2024 жылғы футзалдан Әлем чемпионатынан кейін Қайрат командасының капитаны болды.
Ұлттық құрама
Біржан Оразов Қлттық құрама сапындағы тұңғыщ ойынын 2017 жылғы 6 ақпан күні Алматы қаласында Белоруссия құрамасымен өткен жолдастық кездесуде өткізді (0:1). Ұлттық құрамадаңы тұңғыш голы екі күннен кейін Белоруссия құрамасына салды (3:0)[<ref>http://kazfootball.kz/news/68419 Биржан Оразов - лучший бомбардир Чемпионата Европы 2022 года. 13 нояб. 2022, kazfootball.kz] </ref>
Биржан Оразов EURO-2022 турнирінің ең үздік сұрмергені атанды. 27 жастағы қорғаушы турнирде 7 гол соғып, 2 нәтижелі пас берді. <ref>Үлгі:Cite web</ref>
Өзбекстанда өткен 2024 жылғы Әлем чемпионатында топтық кезеңнің ең бірінші ойны Қазақстан мен Испания матчында Дуглас жуниордан пас алып 7-секундта гол соқты. Бұл гол 21-ғасырдағы ең жылдам соғылған гол ретінде тіркелді.
Жетістіктері
- 2018 жылғы Еуропа чемпионатының жартылай финалисі
- 2021 жылғы Әлем чемпионатының жартылай финалисі
- Студенттер арасындағы Әлем чемпионатының күміс жүлдегері
- 2022 жылғы Еуропа чемпионатының үздік сұрмергені