Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Абай және Сұлтанмахмұт"
ш (clean up, replaced: Пайдаланған әдебиет → Дереккөздер using AWB) |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
| |
19:05, 2026 ж. маусымның 25 кезіндегі нұсқасы
«Абай және Сұлтанмахмұт» - Қаз МҰУ-дің баспасынан 1969 ж. жарық көрген кітапша. Авторы - Т. Қожакеев. Еңбек алғы сөзден, шағын екі тақырыптан және қорытындыдан тұрады. Автор онда 20-ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің ірі тұлғаларының бірі С. Торайғыров шығармаларының Абай мұрасымен идея, тақырып, пікір, мазмұн, әдіс-тәсіл ұқсастығын және қоғамдық-саяси, эстетикалық, этикалық көзқарастар жағынан үндестігін қарастырады. Екі ақынның дүниетаным бірлігін, дарын құдіретін, дәстүр жалғастығын, замана ағымдарындағы болмыс-құбылыс сәйкестігін салыстырады. Сұлтанмахмұттың Абайды ұстаз тұтып, оның шығармаларының нағыз халықтық, шыншылдық, көркемдік қасиеттері мен тіл ұстартудағы шеберлігін дәл танып, бойына сіңіргенін баса көрсетеді. Кітапша әдебиет зерттеушілеріне, студенттерге арналған. Көлемі 2 б. т.<ref>Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы, ISBN 5-7667-2949-9</ref>
Дереккөздер
<references/>