Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Абайды оқы, таңырқа... (жинақ)"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

19:05, 2026 ж. маусымның 25 кезіндегі нұсқасы

«Абайды оқы, таңырқа...» - 1993 ж. «Ана тілі» баспасынан жарық көрген жинақ. Ұлы ақынның туғанына 150 ж. толуы қарсаңында шығарылған. Құрастырған, алғы сөзі мен түсініктемелерін жазған - Мекемтас Мырзахметов.

Жинаққа Ә. Бөкейханов, Дж. Кеннан, Зейнелғабиден ибн Әмре, К. Ысқақұлы, А. Белослюдов, А. Байтұрсынов, Н. Рамазанов, М. Дулатов, Н. Төреқұлов, Т. Шоканов, Б. Күлеев, Ж. Аймауытов, М. Әуезов, I. Жансүгіров, Ғ. Сағди сияқты зерттеушілер мен ақын-жазушылардың Абай шығармалары туралы әр кезде жазған мақалалары енгізілген. М. Жұмабаевтың «Алтын хакім Абайға» деген өлеңі берілген. Оқырман қауым жинақтың алғашқы және соңғы беттеріне қосымша ретінде ұсынылған ақынның Арғыннан басталатын ата тегінің тізбегімен таныса алады.

Кітап көлемі 5,0 б. т., 16 мың дана болып басылған <ref>Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы, ISBN 5-7667-2949-9</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Суретсіз мақала