Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Самюель Хантингтон"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
(Better photo/ foto/ image)
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

19:03, 2026 ж. маусымның 25 кезіндегі нұсқасы

Үлгі:Тұлға

Самюэль Филлипс Хантингтон (ағылш: Samuel Phillips Huntington; 18 сәуір 1927 жыл, Нью-Йорк24 желтоқсан 2008 жыл, Мартас-Винъярд, Массачусетс) — американдық саясаттанушы, әлемдік саясат пен халықаралық қатынастар саласының теоретигі, Гарвард университетінің профессоры.

Демократия және саяси даму мәселелеріне көптеген еңбектерін арнады. Олардың ішінде: "Құбылмалы қоғамдардағы саяси тәртіп" (1968), "Американдық саясат: үйлесімсіздіктің болмай қоймауы" (1981), т.б. бар.

Саяси жүйелерді, олардың саяси тұрақтылығына сүйене отырып жіктейді. Саяси тұрғыдан алғанда, елдер басқару түріне емес, басқарылу деңгейіне байланысты бір-бірінен ерекшеленеді. Мінеки, осы тұрғыдан алғанда ол мемлекеттерді күшті саяси жүйелі және әлсіз саяси жүйелі деп жіктейді. Ол жаңа "өркениет моделін" ұсынды. Әлемдік саясаттың жаңа фазасында дау-жанжалдың көзі идеология немесе экономика емес, мәдениет саласы болады. Негізгі дау-жанжалдар әртүрлі өркениетке жататын мемлекеттер, ұлттар арасында жүреді.

Сурет:Kultur Erde.PNG
Хантингтон концепциясы бойынша құрылған өркениеттердің этномәдени бөлінісінің картасы (1996):
    Ислам өркениеті
    Батыс өркениеті
    Африка өркениеті
    Латын Америка өркениеті
    Үнді өркениеті
    Жапон өркениеті
    Қытай өркениеті
    Буддистік өркениет
    Православиелік өркениет

Батыстық өркениеттегі дау-жанжалдарға басқарушылар, ұлттық-мемлекет және идеологиялық дау-жанжалдар тән. Әлемдік саясаттың батыстық даму фазасы "қырғи-қабақ соғыстың" аяқталуымен тәмамдалады.

Енді Батыс және батыстық емес өркениеттер арасындағы өзара қарым-қатынас өзекті мәселеге айналды. Хантингтон "Өркениеттер қақтығысы" атты зерттеуінде ірі он өркениеттің өзара қарым-қатынасы туралы айтады. Олар: батыстық, конфуциандық, жапондық, исламдық, үнділік, латын американдық, африкандық және православ-славяндық. Хантингтон өркениеттер арасында маңызды дау-жанжалдар тудыруы мүмкін бес себепті көрсетеді:

  • саяси идеология мен саяси тәртіптер арасындағы айырмашылықтардан гөрі, өркениеттік айырмашылықтар негіздірек;
  • өркениеттік өзін-өзі танудың өсуі, өркениеттер арасындағы айырмашылықтар мен ортақтың тереңдеуін түсіну;
  • ұлттық-мемлекеттердің идентификация көзі ретіндегі рөлінің әлсіреуі. Діннің идентификация көзіне айналуы;
  • батыстық емес елдердегі элитаның батыстандырудан бас тартуы және олардың өздерінің мәдени тамырларына қайта оралуы;
  • өркениет дау-жанжалдарының көзімен ерекшеліктер мен айырмашылықтар. Яғни, мәселенің "Сен кімсің?" тұрғысынан қойылуы.

Әрине, Хантингтонның әлем болашағын осылай көруін маман-теоретиктер әртүрлі қабылдады. Дегенмен, ол ұсынған ғылыми тұжырым XX және XXI ғасырлар тоғысындағы әлемдік саясатты одан әрі қарай зерттеуге және болжауға итермеледі.<ref>Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007.

ISBN 9965-32-491-3</ref>

Дереккөздер

<references/>