Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Мұхтар Әуезов және абайтану проблемалары"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
ш (clean up, replaced: ҒА-ның → ғылым академиясының using AWB)
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

19:03, 2026 ж. маусымның 25 кезіндегі нұсқасы

«Мұхтар әуезов және абайтану проблемалары» - ҚазССР ғылым академиясының әдебиет және өнер институтының 1982 ж. «Ғылым» баспасынан шығарған зерттеу еңбек. Авторы М. Мырзахметов. Кітап 4 тараудан, кіріспе мен қорытындыдан тұрады. Автор зерттеулерін: «Абай өмірбаяны - абайтанудың іргелі саласы», «М. Әуезов - Абай шығармаларын жинаушы әрі текстологы», «Абай мұрасының шығысқа қатысы М. Әуезов зерттеуінде» және «Абайдың әдеби ортасы» деген тақырыптар төңірегінде өрбітіп, Әуезовтың абайтану негізін қалау, ақынның Ғылыми өмірбаянын жазу, өлеңдерінің көркемдік, жаңашылдық ерекшеліктерін, дүниетанымын ашу жолындағы еңбегін, текстологиялық ізденістерін, Абай мұрасының шығысқа қатысымен ақындық ортасын анықтаудағы зерттеулерін сөз етеді. Көлемі 16,4 б. т., 2 мың дана болып басылған.<ref>Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы, ISBN 5-7667-2949-9</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Суретсіз мақала