Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Түбіртек"
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
(Cat-a-lot: Аласталуда... Санат:Өңірлер) |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
|
00:37, 2025 ж. сәуірдің 26 кезіндегі нұсқасы
Түбіртек (Rosularia) - раушан гүлдер тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдіктер туысы. Қазақстанда 5 түpi бар. Бұлар бүйіктігі 3-35 см, тамыры туйнек тәрізді, жертаған жапырақтары жалпақ етженді шоғырлана орналасқан, гүлі ақ қызғылт не сарғылт-жасыл, гүл шоғыры сыпыртқы тәрізді. Көп гүлді маусым-тамызда гүлдейді. Шу-Іле тауының Тянь-Шань (Жоңғар), Іле, Күнгей, Кетпен, Теріскей Алатауларының, Қырғыз Алатауының тасты беткейлерінде, қия тастар арасында өседi. Эндемик түpi— Түркiстан түбіртегі. Оның кейбір түpi әсемдік үшін парктерде өсіріледі. <ref>Жетісу энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004 жыл. — 712 бет + 48 бет түрлі түсті суретті жапсырма. ISBN 9965-17-134-3</ref>
Дереккөздер
<references/>