Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Жылқыаман Отыншыұлы"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
ш (clean up, replaced: туылған → туған (2) using AWB)
 
ш (1 түзету)
 
(2 қатысушының арадағы 2 түзетуі көрсетілмеген)
Жол нөмірі 7: Жол нөмірі 7:
 
  |туған жері    = [[Қызылорда облысы]], [[Арал ауданы]], [[Ақшатау]] өңірі
 
  |туған жері    = [[Қызылорда облысы]], [[Арал ауданы]], [[Ақшатау]] өңірі
 
  |қайтыс болған күні    = 1796
 
  |қайтыс болған күні    = 1796
  |қайтыс болған жері    = [[Қарақалпақстан]], Нұрата өңірі
+
  |қайтыс болған жері    = [[Өзбекстан]], Нұрата өңірі
  |лақап аты      = ''Атшұбар''<ref name="book"/>
+
  |лақап аты      = ''Ақшұбарлы''<ref name="book"/>
 
  |мемлекет        = [[Қазақ хандығы]]
 
  |мемлекет        = [[Қазақ хандығы]]
 
  |шайқасы        = "[[Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама]]"<br>"[[Аңырақай шайқасы|Аңырақай]]" шайқасы<ref name="book"/>
 
  |шайқасы        = "[[Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама]]"<br>"[[Аңырақай шайқасы|Аңырақай]]" шайқасы<ref name="book"/>
 
}}
 
}}
'''Жылқыаман батыр Отыншыұлы''' ([[1712]]-[[1796]]) — [[Қызылорда облысы]] [[Арал ауданы]] [[Бөген]] елді мекеніндегі [[Ақшатау]] өңірінде дүниеге келген. Ол ұлт-азаттық қозғалысындағы ерекше орны бар көрнекті қайраткерлердің бірі. [[1796 жыл]]ы [[Қарақалпақстан|Қарақалпақ]] жерінде 84 жасында [[Нұрата]] өңірінде дүниеден өткен және сүйегі сонда жерленген.<ref name=book>{{кітап  |авторы        =  Бекет Құрмашұлы Есенжолов, Манасбай Оралбаев |тақырыбы      =  "Ақшұбар" мылтық асынған |шынайы атауы      = Құлбатыр әулие |баспасы  =  Ақтөбе, "А-Полиграфия" ЖШС |жыл  =  2009 |беттері      =  224 |isbn          =  9965-819-72-6 |тиражы = 1 000 }}</ref>
+
'''Жылқыаман батыр Отыншыұлы''' ([[1712]]-[[1796]]) — [[Қызылорда облысы]] [[Арал ауданы]] [[Бөген]] елді мекеніндегі [[Ақшатау]] өңірінде дүниеге келген. Ол ұлт-азаттық қозғалысындағы ерекше орны бар көрнекті қайраткерлердің бірі. [[1796 жыл]]ы Алшындардың ежелден мекен еткен жерінде 84 жасында [[Нұрата]] маңында дүниеден өткен және сүйегі сонда жерленген.<ref name=book>{{кітап  |авторы        =  Бекет Құрмашұлы Есенжолов, Манасбай Оралбаев |тақырыбы      =  "Ақшұбар" мылтық асынған |шынайы атауы      = Құлбатыр әулие |баспасы  =  Ақтөбе, "А-Полиграфия" ЖШС |жыл  =  2009 |беттері      =  224 |isbn          =  9965-819-72-6 |тиражы = 1 000 }}</ref>
  
 
==Батыр ерлігі==
 
==Батыр ерлігі==
Жол нөмірі 68: Жол нөмірі 68:
 
[[Аманжол Сақыпұлы]]ның "Жылқыаман батыр" атты көлемді кітабы жарық көрді.<ref name="book"/>
 
[[Аманжол Сақыпұлы]]ның "Жылқыаман батыр" атты көлемді кітабы жарық көрді.<ref name="book"/>
  
==Шыққан тегі==
+
== Шығу тегі ==
Жылқыаман батырдың шыққан тегі тікелей таратсақ, өзіне дейін былайша өрбиді: [[Жаманақ]] ([[Шекті]]) — Шыңғыс — [[Жақайым]] — [[Көгіс]] — Торжымбай — Көшімбет — Қарабатыр — Байшаған — Нұралы — Отыншы — [[Жылқыаман]].<ref name="book"/>
+
Жылқыаман батырдың шыққан тегі тікелей таратсақ, өзіне дейін былайша өрбиді: '''[[Алшын]]''' Алау әмір - Құдияр/Қыдуар тентек - Қайырбай - Әлім - Жаманақ ([[Шекті]]) — Шыңғыс — [[Жақайым]] — [[Көгіс]] — Торжымбай — Көшімбет — Қарабатыр — Байшаған — Нұралы — Отыншы — [[Жылқыаман]].<ref name="book"/>
  
 
==Дереккөздер==
 
==Дереккөздер==

00:02, 2026 ж. шілденің 13 кезіндегі нұсқасы

Үлгі:Әскери қайраткер Жылқыаман батыр Отыншыұлы (1712-1796) — Қызылорда облысы Арал ауданы Бөген елді мекеніндегі Ақшатау өңірінде дүниеге келген. Ол ұлт-азаттық қозғалысындағы ерекше орны бар көрнекті қайраткерлердің бірі. 1796 жылы Алшындардың ежелден мекен еткен жерінде 84 жасында Нұрата маңында дүниеден өткен және сүйегі сонда жерленген.<ref name=book>Үлгі:Кітап</ref>

Батыр ерлігі

Жылқыаман батыр "Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама" заманында үш жүздің басы қосылған, жоңғарлардың түре қуатын 1725 жылы болған қанды қырғында 13 жасында-ақ ат ойнатып, қарсы келген дұшпанды "Ақшұбарымен" жусатып, атағы күллі қазаққа дабырлата шыққан.

Нұрмағанбет Қосжанұлының "Сартай батыр" жырында 13 жасар жас бала Жылқыаманның өнері былайша суреттеледі: Үлгі:Col-begin

Ашуланып Жылқыаман,
Қалт, қалт, қалт етті.
Қайтпаймын деген дауысы
Ақ сұңқардай саңқ етті...

... Жұрдай болған Қырғауыл,
Жүрегі енді зырқ етті.
"Енді өзімді атар" - деп,
Артқы жағы тырқ етті.
Он үш жасар Жылқыаман,
Қырғауылды сөйтіп күлкі етті.

Үлгі:Col-end Үш жүздің батыр-билерінің басы қосылған үлкен алқада осылайша өнерін байқатқан Жылқыаман ертеңгі күнгі жоңғарлармен болған шайқаста үлкен абыройға бөленеді. Жырда ол былайша сипатталады: Үлгі:Col-begin

"Ақшұбар" мылтық білтелі,
Білтенің ұшы қызыл шоқ.
Дәрігі шоқты тіркеді,
Жоңғардың қалың жеріне.
Жылқыаманды сілтеді,
Түтінін қосып түтінге.
Даусына даусын тіркеді,
Қалың жерге келгенше,
Шұбардың даусын іркеді.
Оқ тиген жоңғар оқталып,
Жан-жағына үркеді.

Үлгі:Col-end Қазақ елінің азаттығы, еркіндігі үшін 13 жасынан майданға араласқан Жылқыаман батыр өмірінің соңына дейін ат үстінен түспей, "Ақшұбарын" көлденең ұстап жүріп, елін қорғаған.<ref name="book"/>

Мың Бала жасағында

98 жастағы қарт әкесі Байжан биден 15 жастағы Сартай батыр бата алып, 1000 баладан жасақ құрайды. Сол мың бала үш жүздің игі жақсылары, батырлары бас қосқан Ордабасыға жетеді.

Соғыс басталар кезде екі шекесінде қос айдары бар 15 жасар Сартай батыр, қасында «ақшұбар» мылтығы бар 13 жасар Жылқыаман «Мың баланың» алдын бастап, сауыттарын киіп сапта тұрады. Осы соғыста қазақ жауынгерлері жан аямай соғысып, жоңғарларды жеңіп шығады. Бірақ 12-16 жастағы 1000 баланың ішінен 500-ден астам бала шәһит болады.<ref>Үлгі:Cite web</ref>

Сартаймен қандыкөйлек жолдас, серік болған Жылқыаман, Жылқыайдар, Төркінбай, Сырғақ, Байғара, Бәйімбеттердің ұрпақтары қазір Арал ауданында тұрады.<ref>Үлгі:Cite web</ref>

Ақшұбар мылтығы

Орыс патшайымы қазақтарға от қару сатуға қатаң тыйым салған болатын. Оны сатқан адамды қатаң жазалап отырған. Дегенмен Кіші жүз қазақтары аямай мал беріп, бірлі-жарым от қаруды қолға түсіріп отырған. Сондай адамдардың бірі — Жылқыаманның әкесі Отыншы еді. Ол реті келгенде Ресей жеріне келіп, мал сататын. Осындай сапарында бір үйір жылқыға екі пұт оқ-дәрісімен құндағы ала-шұбар мылтық сатып алып қойды. Оған ағайындары мазақ етіп күледі. Сонда Отыншы: "Бастарыңа іс түскенде қорғандарың осы ақшұбар болар әлі" деген екен.

Жылқыаман батыр жоңғар-қалмаққа, Сыр бойын мекендеген Кіші жүз қазақтарына Қоқан, Хиуа хандықтарының шапқыншылықтарында қайтпас батырлығымен, көзсіз мергенділігімен жауды жайпап, теңдессіз ерлік көрсеткен. Оның бір ерекшелігі өз заманындағы батырлардың арасында алғаш отты қару (мылтық) ұстаған және сілтегені мүлт кетпеген сұрмерген болуы.<ref name="book"/>

Батыр кесенесі

2000 жылы Ақбасты елді мекенінде Жылқыаман батырға зәулім кесене тұрғызылып, ас берілді. Сол жылы Жылқыаманның ағасы Торы баласы Шабан бабаға да кесене тұрғызылды. 2006 жылы батырдың ұрпағы Амангелді Қалыбаевтың ұйымдастыруымен екі бабаға тағы да ас беріліп, құран бағышталды.

Аманжол Сақыпұлының "Жылқыаман батыр" атты көлемді кітабы жарық көрді.<ref name="book"/>

Шығу тегі

Жылқыаман батырдың шыққан тегі тікелей таратсақ, өзіне дейін былайша өрбиді: Алшын Алау әмір - Құдияр/Қыдуар тентек - Қайырбай - Әлім - Жаманақ (Шекті) — Шыңғыс — ЖақайымКөгіс — Торжымбай — Көшімбет — Қарабатыр — Байшаған — Нұралы — Отыншы — Жылқыаман.<ref name="book"/>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:WikifyҮлгі:Stub