Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Азаматтық іс"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

00:29, 2025 ж. сәуірдің 26 кезіндегі нұсқасы

Азаматтық іс — азаматтық іс жүргізу заңдарында көзделген тәртіппен азаматтық сотта қаралатын іс. Азаматтық іске: жеке адамдар мен заңды тұлғалардың құқылары мен заңды мүдделерін қорғайтын азаматтық құқық бойынша дау-дамайлар жөніндегі іс; басқару органдарының немесе лауазымды басшылардың өз уәкілеттерін бұза отырып, азаматтардың құқыларына нұқсан келтірген іс-әрекеттеріне шағым бойынша заңды мәні бар деректерді айқындау жөніндегі іс; азаматтық құқық субъектілерінің мүліктік емес жеке құқыларын (яғни, ар-намысын, абыройы мен іскерлік беделін, т.б.) қорғауға байланысты іс жатады. Азаматтық іс арнаулы заңдарда көзделген қағидаларға сай жүргізіледі.

Сілтемелер

“Қазақ Ұлттық Энциклопедиясы”, 1 - том Үлгі:Stub Үлгі:Wikify Үлгі:Суретсіз мақала