Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Әйелдер консультациясы"
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
ш («Гинекология» деген санатты қосты (HotCat құралының көмегімен)) |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
|
00:28, 2025 ж. сәуірдің 26 кезіндегі нұсқасы
Әйелдер консультациясы — әйелдерге жүкті кезінде, босанғаннан кейін және әйел ауруларымен ауырған кезде медициналық ақыл-кеңес және көмек беретін диспансер типтес мекеме. Әйелдер консультациясының міндеті-қыз-келіншектерге гигиеналық тәрбие беру; олардың келешекте ана болуына дұрыс жол сілтеп, осы жолда денсаулығына зиян келмеуін бақылау; ана мен бала денсаулығын сақтау мақсатымен жүкті әйелдерді ұдайы бақылауға алып, олардың аман-сау босануына жағдай туғызу; жүкті әйелдерді дер кезінде декретті демалысқа шығару; әйелдерге қажет болған жағдайда дәрігерлік көмек беру т.б.<ref>Қазақ Совет Энциклопедиясы. Алматы қаласы,1976 ж. 3-том, 28-бет </ref>
Дереккөздер
<references/>