Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Жарымес"
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
ш ({{Суретсіз мақала}} үлгісін үстедім) |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
|
00:23, 2025 ж. сәуірдің 26 кезіндегі нұсқасы
Жарымес — адамның бұрынғы білімі мен тәжірибесі жоғалып, дүние тану қабілетінің жаңа мәліметтерді қабылдай алмайтындай нашарлауы. Жарыместік жүйке жүйесінің әр түрлі ауруларының (олигофрения, шизофрения, қояншық, жарақат, т.б.) салдарынан болады. Жарыместікке шалдыққан адамның ең алдымен ақыл-ой қабілеті кемиді, ұмытшақ болады, сезімталдығы нашарлап, мінез-құлқы өзгереді. Жарымес адам сылбыр болады, еш нәрсеге қызықпайды, еліктемейді, ашуланшақ, жылағыш келеді. Жарыместіктің уланудан, мидағы ісік әсерінен, кейде аса кәріліктен болатын (қ. Алжу) түрлері де бар.
Сілтеме
Қазақ энциклопедиясы Үлгі:Stub Үлгі:Wikify Үлгі:Суретсіз мақала