Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Теректі әулие"
ш (1 түзету) |
ш (1 түзету) |

| (басқа бір қатысуышының арадағы бір түзетуі көрсетілмеген) | |||
| Жол нөмірі 1: | Жол нөмірі 1: | ||
| − | '''Теректі әулие | + | [[Сурет:Terekti-Aulie 1.jpg|thumb|300px|Теректі әулие петроглифтері.]] |
| + | '''Теректі әулие''' – Орталық Қазакстандағы тасқа бейнелеу өнерінің көне ескерткіші, [[Ұлытау облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімі]]не енген. | ||
| − | + | == Орналасқан жері == | |
| + | [[Ұлытау ауданы]], [[Теректі (Ұлытау облысы)|Теректі]] теміржол бекетінен солтүстік-шығысқа қарай 18 км жерде орналасқан. Ұлытау ұлттық тарихи-мәдени және табиғи қорық мұражайының аумағында батыстан шығысқа қарай тізбектелген күлгін гранитті жоталардан тұрады. Қатты жел эрозиясына ұшыраған жоталар жарты шар күйіне ұшыраған. Төбелердің шыңдары мен жандарында үңгірлік суреттер бар. | ||
| − | == | + | == Кезеңі == |
| − | + | Қола дәуірі (б.з.б. ІІІ-І мыңжылдық), ерте темір ғасыры (б.з.б. IX ғ. - б.з. III ғ.) және орта ғасырлар. | |

| − | + | == Зерттелуі, тарихи деректер == | |
| + | [[1930 жыл|1930]] жылдардың соңында кешенді [[Қаныш Имантайұлы Сәтбаев|Қ.И. Сәтпаев]] зерттеген. [[1947 жыл|1947]]-[[1956 жыл|1956]] жылдары кешен [[Әлкей Хақанұлы Марғұлан|Ә.X. Марғұлан]]мен, ал [[1990 жыл|1990]] жылы 3.С. Самашев басшылығындағы археологиялық экспедициямен зерттелген. [[1999 жыл|1999]] жылдан [[2001 жыл|2001]] жылға дейін Ж.К. Құрманқұловтың басшылығымен [[Жезқазған университеті]] барлау-археологиялық экспедиция ұйымдастырып қола дәуіріне жататын екі қорған қоршаулар және ерте мұсылман уақытына жататын екі қорған қазылған.

| + | [[2000 жыл|2000]]-[[2004 жыл|2004]] жылдары кешенді зерттеу [[Канада]] мен [[Италия]]дан келген ғалымдармен жалғасты. | ||
| − | [[Санат: | + | Петроглифтердің репертуары әртүрлі, бірақ суреттердің көпшілігі аттың мүсінін бейнелейді. Кешен аумағы 1,5x1 км алып жатыр, мұнда 50-ден аса ескерткіштер табылған: неолиттік тұрақтар, қола дәуірінің қоныстары, рудалар мен жартылай бағалы минералдарды алу үшін көлденең және тік ұңғыма қалдықтары, темір дәуірі қорғандары және IX, ХVІІ-ХІХ ғ. және XX ғғ. басындағы мазарлар. Сондай-ақ кешен аумағында көптеген туыс бауырластар қабірі орналасқан (шамамен жауынгерлердің).

| − | [[Санат: | + | Тұрғылықты жермен байланысты көптеген аңыздар мен дәстүрлер бар. Солардың бірі қасиетті шейх Хазрет Әли мен оның ескерткішіне барған Дүлдүл сәйгүлігі туралы аңыз.<ref>Қазақстанның тарихи-мәдени нысандарының және жаппай зиярат ету орындарының альбомы/ ; ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институты ; [жоба авторы Т. Бекбергенов ; бас ред. А. Р. Хазбулатов]... – Астана : [б. ж.], 2018. - 495 б., суретті; . – Библиогр.: 490 б. . – 100 дана – ISBN 978-9961-23-485-9</ref>

| + | Қоныстары мен қорымдары түбегейлі зерттеле қоймаған Теректі әулие кешеніндегі ең тартымды ескерткіштер – петроглифтер мен кесенелер. Теректі әулие кесенесі кешеннің оңтүстік-батыс бөлігінде, ежелгі қорғандар желісі мен 3 топтағы петроглифтер жатқан гранит төбе аралығында тұр. Төбе етегіндегі бұлақ суының емдік қасиеті зор, суық тию, жүйке ауруы мен белсіздік ауруларына шипасы мол деп саналады.

| + | Зираттың шығыс жағында ІХ-ХІІ ғасырларда салынған кесенелерде жергілікті ауызекі әңгімелерге қарағанда Оспан баба, Әбілқайыр ата, Жанқара ата, Мүтәліп баба секілді т. б. қасиетті әулие адамдардың жерлеулері жатқан көрінеді. Жұртшылық зиярат етуге ұмтылатын қасиетті орын да солар; төңірегіндегі тал-шіліктерге зияратшылар байлаған құрақ шүберектер алыстан көзге түседі. Ал мамандар болса бүгінге дейін сақталған қорым құрылыстардың барлығы ХІХ-ХХ ғасырларда салынған және сол төңіректі ата жұртына айналдырған [[Бағаналы (ру)|Бағаналы]] мен [[Балталы |Балталы]] руының адамдары жерленген деген ұйғарымға келіп отыр. | ||

| + | == Петроглифтер топтары == | ||
| + | Кешендегі ең байырғы және мән-мағынасы зор ескерткіштер ретінде – Теректі әулие петроглифтері. Теректі әулие петроглифтерінің эстетикалық күш-қуаты мен тартымдылығы оның жоғары сапада жасалуымен жергілікті табиғат ерекшеліктерімен біте қайнасып кеткендігінде болса керек. Бедерлер төрт дөңес гранит төбенің бетіндегі жайпақ тастарға түсірілген. Ірі түйіршікті гранит материалдар ұзындығы 15-70 см аралығындағы мүсіндерді сыйғызуға мүмкіндік берген; алайда жүздеген ғасырлар ішінде тастардың табиғи эрозияға ұшырауына байланысты суреттердің көбісі жойылып кеткен. Бүгінгі күнде ескерткіште барлығы 27 тас бетінде жайғасқан 300-ге жуық петроглифтер гранит жартастардың оңтүстік беткейіндегі төрт жерде сақтаулы тұр. | ||

| + | === Бірінші топ === | ||
| + | Төбелердің бетінде неғұрлым көбірек мүжілген оңтүстік беткейіне 13 композицияда бедерленген жан-жануарлардың 200-ден астам мүсіні тұрған 1-ші топтағы петроглифтердің саны да көп, тақырыптық тұрғыдан да мейлінше алуан түрлі. Жануарлардың басым көпшілігі жылқы болса, айыр өркешті бірнеше түйе, екі өгіз, бұғы, құс (дуадақ) бейнесі және ат тұяғының төрт ізі, бірнеше ешкі, арба, сызықтар мен тостаған бітімдес шеңберлер кездеседі. Ешкі мүсіні бейнеленген 2-ші тас бетінен өзге жерлердің барлығында да жылқы бейнесі көбірек.

| + | Еңісті кең жазықтықта негізінен жылқы бейнесі түсірілген 80-нен астам нақышты өрнек сақталған, мұндағы тас бетінің жоғарғы жағы арқылы зияратшылар түсетін беті жылтыраған енсіз жол өтеді. Жазық беткейдің батыс бөлігінде анық бейнеленген ондаған жылқы мүсіні жатыр, оның ішінде Кангджа-Шимендзыдағы (ШҰАА, ҚХР) осыған ұқсас композицияны еске түсіретін қос айғырдың шайқасқан сәті көрсетілген ғажайып бейне де бар; шығыс бөлігінде тастардың табиғи текстурасы бойынша тек бүйір жағынан ғана анықталатын жылқы, түйе, бірнеше ешкі сұлбасы мен тостаған тәрізді сызықты мүсіндер орналасқан. Картина ортадағы 3 мүсін: Сейма-Турбино дәстүріндегі екі жылқы, олардан кейін сақ-сібір стиліндегі үлкен контурлы бейнемен аяқталады. | ||

| + | === Екінші топ === | ||
| + | Диаметрі 35 см болып келетін, түйе мүсініне ұқсас шеңберден әуелі солтүстік-шығысқа қарай тартылып, сонан соң қайта оралатын, бірінің ұзындығы 5 м, екіншісінің ұзындығы 2,5 м екі сызығы бар, композициясы күрделі 2-ші топ кейінгі төбенің төменгі беткейлеріне қарай орналасқан. Осынау жұмбақ мүсіннің батыс жағында зияратшылар жүретін тағы бір жылтыр жол жатыр. | ||

| + | === Үшінші топ === | ||
| + | 3-ші топ зираттар кешенінің қарсы бетінде көлденең созылып жатқан төбеде жайғасқан. 10 жартас беттеріне салынған мұндағы петроглифтердің саны 80-ге жуық.

| + | Бейнелердің үлкен бөлігі ең биік төбенің ұшар басындағы тегіс жерге салынса, өзгелері сол төбенің әр жеріндегі құлама жартастарға бедерленген. Нақышты өрнектер шыңның батыс жағына шоғырланған. Негізінен жылқы бейнесі салынған, сондай-ақ өгіз, жыртқыш аң, антроморфты жануар мүсіні, солтүстік-батысқа қараған сол жақта табан ізі және кейінгі кезеңде салынған бірнеше ешкінің шағын сызбалары кездеседі. Бұл жартастың ортасында түрлі-түсті ғұрыптық шүберектер байланған ағаш сырғауыл тұр. Бейнелерден өзге жартастардың бас жағында тағы да бірқатар бедерлер бар: мән-мағынасы түсініксіздеу 90×80 см көлеміндегі үлкен шаршы тор мен адамның оң жақ табанының ізі, мүйізді аттар, бірнеше жануарлар мүсіні жатыр. | ||

| + | === Төртінші топ === | ||
| + | 4-ші топ төбенің ең шеткі батыс жағында, төбеден шығысқа қарай созылып, көлбеу жатқан екі жартаста. Мұндағы бедерлер нашар сақталған; бас-аяғы 10-15 ат мүсінінің 1-ші топ пен 3-ші топтағы мүсіндердің стиліне ұқсастығы байқалады. | ||

| + | == Петроглифтері стилі == | ||
| + | Қола дәуірінің өзге де стильдерімен бірге Сейма-Турбино типінің стилі Теректі әулиенің батыс жағында 200 шақырым жерде жатқан Байқоңыр кешенінің петроглифтерінде кездеседі, сондай-ақ осы стильде жасалған кейбір бейнелерді сирек те болса [[Қаратау жотасы (Тянь-Шань)|Қаратау]] мен [[Шу-Іле таулары|Шу-Іле]] таулы өңірлерінен табуға болады. Бұл да б. з. д. ІІ мыңжылдық ішінде қазіргі Орталық Қазақстан өңірі Орал металлургиялық өлкесінің құрамдас бөлігі болғанын меңзесе керек.

| + | Ұлытау өңірінде Теректі әулие археологиялық кешені қоныстарының, қорымдары мен петроглифтерінің түп иесі деуге болатын тайпалардың, яғни епті металлургтер мен жауынгерлердің пайда болуы, орманды-далалық қауымдардың [[Орталық Азия]]ның (Алтай мен Орталық Қазақстанның) мысты-қалайылы кен орындарын игеріп, металл саудасына араласқандығын айғақтайды, соның нәтижесінде мыс пен қалайы өндірісі дүниеге келіп, металл өңдеу ісі аса жоғары техникалық және эстетикалық шеберлік деңгейіне дейін жетілдірілді. Сібірлік бұл қауым [[Тобыл]] мен [[Есіл]] бойымен өрлей отырып, Ұлытауға дейін жетті.

| + | Жалпы алғанда, Теректі әулие петроглифтер кешенінде қола дәуірінің жылқысын бейнелеу әдісіндегі екі түрлі стильді бөле-жара көрсетуге болады. Алғашқы стиль бойынша салынған жылқы бейнелерінің көлемі айтарлықтай үлкен (70 см-ге дейін); таңба түсіруге қолайлы төбедегі жазық жердің ең ортасында тұрған бұл бедерлерде шомбал денелі, жұмыр мойынды, танауымен төменгі жақ сүйегі көрсетіліп, аяқтары аздап бүгіліп тұрған, өте келісті де әсем және әдеттегідей еркек-ұрғашысы көрсетілмеген жануарлар сомдалған. Айыр өркешті түйемен өгіз мүсіндері де осындай мәнерде жасалған; табан ізі түсірілген петроглифтер де осы топқа жатуы ықтимал.

| + | Кешендегі ең көне петроглифтер қатарына жататын бұларды б. з. д. 1700-1500 жылдар аралағында жасалған өнер туындылары десек жаңыла қоймаймыз.

| + | Алдыңғылармен қатар кешеннің шеткі тұсында жатқан екінші стиль бойынша салынған суреттердегі мүсіндердің көлемі 15-20 см шамасында ғана. Мұндағы жылқы мүсіндерінің тұрпаты біршама үйлесімсіздеу және көркемдігі де төменірек. Бұл ерекшеліктер екінші стиль алғашқы стильдің эволюциясы екендігін көрсетеді және соған сәйкес бұл петроглифтер шамамен б. з. д. 1500-1100 жылдар аралығында тас бетіне қашалған деуге болады.

| + | Ешкі кескіні түсірілген 1-ші топтағы сән-салтанатты композиция орта көлемді тікбұрышты, декоративті ретпен орналасып, кейде симметриясы сақталатын статикалық мүсіндерден құралады. Бұл стиль оларды басқа петроглифтерден өзгеше көрсетуімен қатар 2-ші топтағы "үшбұрышты" жұмбақ бейне мен 3-ші топтағы "тордың" да б. з. д. 1100-800 жылдар аралығында кескінделгенін анықтауға мүмкіндік береді. Бәлкім, бұған кейінгі қола дәуірінде салынған тұяқ бейнесін де қосуға болар.

| + | Ерте темір дәуірінің (б. з. д. 800-400 жылдар) таңбаларын кешеннің жоғарғы жағында, әр жерде шашырап жатқан ешкі бейнесін білдіретін қарапайым сызықтардан көруге болады. Олардың ішіндегі ең елеулілерінің бірі – 1-ші топқа жататын аң стиліндегі бұғы бейнесі. Ерте темір дәуірінің петроглифтері Теректі әулиеде мейлінше сирек. Өйткені, бұл дәуірде қия беткейге таңба түсіріп, петроглифтер салудың баяғыдағыдай мәні қалмады. Қазіргі уақытта зияратшылар жасап жүрген ғұрыптық рәсімдердің олармен тікелей байланысы жоқ.<ref>АЛТАЙДАН КАСПИЙГЕ ДЕЙІН. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТАБИҒИ,ТАРИХИ ЖӘНЕ МӘДЕНИ ЕСКЕРТКІШТЕРІ МЕН КӨРНЕКТІОРЫНДАРЫНЫҢ АТЛАСЫ. 3 томдық. Алматы. 2011. 1 т.–584 б., карталар, суреттер. ISBN 978-601-280-215-3, ISBN 978-601-280-216-0</ref> | ||

| + | == Петроглифтер көрінісі == | ||
| + | <gallery> | ||
| + | Теректі әулие. 1 топ.jpg|1 топ. Ат бейнелері мен күн тәрізді белгі-бейнелер. Қола дәуірі. | ||
| + | Теректі әулие. 1 топ. Құстың және ат іздері.jpg|1 топ. Құстың және ат іздерінің суреті. | ||
| + | Теректі әулие. 1 топ. Жылқы бейнелері.jpg|1 топ. Жылқы бейнелері. | ||
| + | Теректі әулие. 1 топ. Текелер бейнеленген композиция.jpg|1 топ. Текелер бейнеленген композиция. | ||
| + | Теректі әулие. 3 топ. Жылқы бейнелері.jpg|3 топ. Жылқы бейнелері. | ||
| + | Теректі әулие. 3 топ. Жылқылар мен бұқаның суреттері.jpg|3 топ. Жылқылар мен бұқаның суреттері. | ||
| + | Теректі әулие. 3 топ. Ырым шүберектер байланған қасиетті сырық.jpg|3 топ петроглифтері салынған жартастың төбесіндегі ырым шүберектер байланған қасиетті сырық. | ||
| + | Теректі әулие. Суреттердің микалентті көшірмесі.jpg|Теректі әулие. Жартастарға салынған жануар суреттерінің микалентті көшірмесі. Қола дәуірі. | ||
| + | </gallery> | ||

| + | == Дереккөздер == | ||
| + | {{дереккөздер}} | ||

| + | [[Санат:Ұлытау облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері]] | ||
| + | [[Санат:Қазақстан археологиялық ескерткіштері]] | ||
| + | [[Санат:Қазақстан петроглифтері]] | ||
19:47, 2026 ж. шілденің 12 кезіндегі нұсқасы
Теректі әулие – Орталық Қазакстандағы тасқа бейнелеу өнерінің көне ескерткіші, Ұлытау облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген.
Мазмұны
Орналасқан жері
Ұлытау ауданы, Теректі теміржол бекетінен солтүстік-шығысқа қарай 18 км жерде орналасқан. Ұлытау ұлттық тарихи-мәдени және табиғи қорық мұражайының аумағында батыстан шығысқа қарай тізбектелген күлгін гранитті жоталардан тұрады. Қатты жел эрозиясына ұшыраған жоталар жарты шар күйіне ұшыраған. Төбелердің шыңдары мен жандарында үңгірлік суреттер бар.
Кезеңі
Қола дәуірі (б.з.б. ІІІ-І мыңжылдық), ерте темір ғасыры (б.з.б. IX ғ. - б.з. III ғ.) және орта ғасырлар.
Зерттелуі, тарихи деректер
1930 жылдардың соңында кешенді Қ.И. Сәтпаев зерттеген. 1947-1956 жылдары кешен Ә.X. Марғұланмен, ал 1990 жылы 3.С. Самашев басшылығындағы археологиялық экспедициямен зерттелген. 1999 жылдан 2001 жылға дейін Ж.К. Құрманқұловтың басшылығымен Жезқазған университеті барлау-археологиялық экспедиция ұйымдастырып қола дәуіріне жататын екі қорған қоршаулар және ерте мұсылман уақытына жататын екі қорған қазылған.
2000-2004 жылдары кешенді зерттеу Канада мен Италиядан келген ғалымдармен жалғасты.
Петроглифтердің репертуары әртүрлі, бірақ суреттердің көпшілігі аттың мүсінін бейнелейді. Кешен аумағы 1,5x1 км алып жатыр, мұнда 50-ден аса ескерткіштер табылған: неолиттік тұрақтар, қола дәуірінің қоныстары, рудалар мен жартылай бағалы минералдарды алу үшін көлденең және тік ұңғыма қалдықтары, темір дәуірі қорғандары және IX, ХVІІ-ХІХ ғ. және XX ғғ. басындағы мазарлар. Сондай-ақ кешен аумағында көптеген туыс бауырластар қабірі орналасқан (шамамен жауынгерлердің).
Тұрғылықты жермен байланысты көптеген аңыздар мен дәстүрлер бар. Солардың бірі қасиетті шейх Хазрет Әли мен оның ескерткішіне барған Дүлдүл сәйгүлігі туралы аңыз.<ref>Қазақстанның тарихи-мәдени нысандарының және жаппай зиярат ету орындарының альбомы/ ; ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институты ; [жоба авторы Т. Бекбергенов ; бас ред. А. Р. Хазбулатов]... – Астана : [б. ж.], 2018. - 495 б., суретті; . – Библиогр.: 490 б. . – 100 дана – ISBN 978-9961-23-485-9</ref>
Қоныстары мен қорымдары түбегейлі зерттеле қоймаған Теректі әулие кешеніндегі ең тартымды ескерткіштер – петроглифтер мен кесенелер. Теректі әулие кесенесі кешеннің оңтүстік-батыс бөлігінде, ежелгі қорғандар желісі мен 3 топтағы петроглифтер жатқан гранит төбе аралығында тұр. Төбе етегіндегі бұлақ суының емдік қасиеті зор, суық тию, жүйке ауруы мен белсіздік ауруларына шипасы мол деп саналады.
Зираттың шығыс жағында ІХ-ХІІ ғасырларда салынған кесенелерде жергілікті ауызекі әңгімелерге қарағанда Оспан баба, Әбілқайыр ата, Жанқара ата, Мүтәліп баба секілді т. б. қасиетті әулие адамдардың жерлеулері жатқан көрінеді. Жұртшылық зиярат етуге ұмтылатын қасиетті орын да солар; төңірегіндегі тал-шіліктерге зияратшылар байлаған құрақ шүберектер алыстан көзге түседі. Ал мамандар болса бүгінге дейін сақталған қорым құрылыстардың барлығы ХІХ-ХХ ғасырларда салынған және сол төңіректі ата жұртына айналдырған Бағаналы мен Балталы руының адамдары жерленген деген ұйғарымға келіп отыр.
Петроглифтер топтары
Кешендегі ең байырғы және мән-мағынасы зор ескерткіштер ретінде – Теректі әулие петроглифтері. Теректі әулие петроглифтерінің эстетикалық күш-қуаты мен тартымдылығы оның жоғары сапада жасалуымен жергілікті табиғат ерекшеліктерімен біте қайнасып кеткендігінде болса керек. Бедерлер төрт дөңес гранит төбенің бетіндегі жайпақ тастарға түсірілген. Ірі түйіршікті гранит материалдар ұзындығы 15-70 см аралығындағы мүсіндерді сыйғызуға мүмкіндік берген; алайда жүздеген ғасырлар ішінде тастардың табиғи эрозияға ұшырауына байланысты суреттердің көбісі жойылып кеткен. Бүгінгі күнде ескерткіште барлығы 27 тас бетінде жайғасқан 300-ге жуық петроглифтер гранит жартастардың оңтүстік беткейіндегі төрт жерде сақтаулы тұр.
Бірінші топ
Төбелердің бетінде неғұрлым көбірек мүжілген оңтүстік беткейіне 13 композицияда бедерленген жан-жануарлардың 200-ден астам мүсіні тұрған 1-ші топтағы петроглифтердің саны да көп, тақырыптық тұрғыдан да мейлінше алуан түрлі. Жануарлардың басым көпшілігі жылқы болса, айыр өркешті бірнеше түйе, екі өгіз, бұғы, құс (дуадақ) бейнесі және ат тұяғының төрт ізі, бірнеше ешкі, арба, сызықтар мен тостаған бітімдес шеңберлер кездеседі. Ешкі мүсіні бейнеленген 2-ші тас бетінен өзге жерлердің барлығында да жылқы бейнесі көбірек.
Еңісті кең жазықтықта негізінен жылқы бейнесі түсірілген 80-нен астам нақышты өрнек сақталған, мұндағы тас бетінің жоғарғы жағы арқылы зияратшылар түсетін беті жылтыраған енсіз жол өтеді. Жазық беткейдің батыс бөлігінде анық бейнеленген ондаған жылқы мүсіні жатыр, оның ішінде Кангджа-Шимендзыдағы (ШҰАА, ҚХР) осыған ұқсас композицияны еске түсіретін қос айғырдың шайқасқан сәті көрсетілген ғажайып бейне де бар; шығыс бөлігінде тастардың табиғи текстурасы бойынша тек бүйір жағынан ғана анықталатын жылқы, түйе, бірнеше ешкі сұлбасы мен тостаған тәрізді сызықты мүсіндер орналасқан. Картина ортадағы 3 мүсін: Сейма-Турбино дәстүріндегі екі жылқы, олардан кейін сақ-сібір стиліндегі үлкен контурлы бейнемен аяқталады.
Екінші топ
Диаметрі 35 см болып келетін, түйе мүсініне ұқсас шеңберден әуелі солтүстік-шығысқа қарай тартылып, сонан соң қайта оралатын, бірінің ұзындығы 5 м, екіншісінің ұзындығы 2,5 м екі сызығы бар, композициясы күрделі 2-ші топ кейінгі төбенің төменгі беткейлеріне қарай орналасқан. Осынау жұмбақ мүсіннің батыс жағында зияратшылар жүретін тағы бір жылтыр жол жатыр.
Үшінші топ
3-ші топ зираттар кешенінің қарсы бетінде көлденең созылып жатқан төбеде жайғасқан. 10 жартас беттеріне салынған мұндағы петроглифтердің саны 80-ге жуық.
Бейнелердің үлкен бөлігі ең биік төбенің ұшар басындағы тегіс жерге салынса, өзгелері сол төбенің әр жеріндегі құлама жартастарға бедерленген. Нақышты өрнектер шыңның батыс жағына шоғырланған. Негізінен жылқы бейнесі салынған, сондай-ақ өгіз, жыртқыш аң, антроморфты жануар мүсіні, солтүстік-батысқа қараған сол жақта табан ізі және кейінгі кезеңде салынған бірнеше ешкінің шағын сызбалары кездеседі. Бұл жартастың ортасында түрлі-түсті ғұрыптық шүберектер байланған ағаш сырғауыл тұр. Бейнелерден өзге жартастардың бас жағында тағы да бірқатар бедерлер бар: мән-мағынасы түсініксіздеу 90×80 см көлеміндегі үлкен шаршы тор мен адамның оң жақ табанының ізі, мүйізді аттар, бірнеше жануарлар мүсіні жатыр.
Төртінші топ
4-ші топ төбенің ең шеткі батыс жағында, төбеден шығысқа қарай созылып, көлбеу жатқан екі жартаста. Мұндағы бедерлер нашар сақталған; бас-аяғы 10-15 ат мүсінінің 1-ші топ пен 3-ші топтағы мүсіндердің стиліне ұқсастығы байқалады.
Петроглифтері стилі
Қола дәуірінің өзге де стильдерімен бірге Сейма-Турбино типінің стилі Теректі әулиенің батыс жағында 200 шақырым жерде жатқан Байқоңыр кешенінің петроглифтерінде кездеседі, сондай-ақ осы стильде жасалған кейбір бейнелерді сирек те болса Қаратау мен Шу-Іле таулы өңірлерінен табуға болады. Бұл да б. з. д. ІІ мыңжылдық ішінде қазіргі Орталық Қазақстан өңірі Орал металлургиялық өлкесінің құрамдас бөлігі болғанын меңзесе керек.
Ұлытау өңірінде Теректі әулие археологиялық кешені қоныстарының, қорымдары мен петроглифтерінің түп иесі деуге болатын тайпалардың, яғни епті металлургтер мен жауынгерлердің пайда болуы, орманды-далалық қауымдардың Орталық Азияның (Алтай мен Орталық Қазақстанның) мысты-қалайылы кен орындарын игеріп, металл саудасына араласқандығын айғақтайды, соның нәтижесінде мыс пен қалайы өндірісі дүниеге келіп, металл өңдеу ісі аса жоғары техникалық және эстетикалық шеберлік деңгейіне дейін жетілдірілді. Сібірлік бұл қауым Тобыл мен Есіл бойымен өрлей отырып, Ұлытауға дейін жетті.
Жалпы алғанда, Теректі әулие петроглифтер кешенінде қола дәуірінің жылқысын бейнелеу әдісіндегі екі түрлі стильді бөле-жара көрсетуге болады. Алғашқы стиль бойынша салынған жылқы бейнелерінің көлемі айтарлықтай үлкен (70 см-ге дейін); таңба түсіруге қолайлы төбедегі жазық жердің ең ортасында тұрған бұл бедерлерде шомбал денелі, жұмыр мойынды, танауымен төменгі жақ сүйегі көрсетіліп, аяқтары аздап бүгіліп тұрған, өте келісті де әсем және әдеттегідей еркек-ұрғашысы көрсетілмеген жануарлар сомдалған. Айыр өркешті түйемен өгіз мүсіндері де осындай мәнерде жасалған; табан ізі түсірілген петроглифтер де осы топқа жатуы ықтимал.
Кешендегі ең көне петроглифтер қатарына жататын бұларды б. з. д. 1700-1500 жылдар аралағында жасалған өнер туындылары десек жаңыла қоймаймыз.
Алдыңғылармен қатар кешеннің шеткі тұсында жатқан екінші стиль бойынша салынған суреттердегі мүсіндердің көлемі 15-20 см шамасында ғана. Мұндағы жылқы мүсіндерінің тұрпаты біршама үйлесімсіздеу және көркемдігі де төменірек. Бұл ерекшеліктер екінші стиль алғашқы стильдің эволюциясы екендігін көрсетеді және соған сәйкес бұл петроглифтер шамамен б. з. д. 1500-1100 жылдар аралығында тас бетіне қашалған деуге болады.
Ешкі кескіні түсірілген 1-ші топтағы сән-салтанатты композиция орта көлемді тікбұрышты, декоративті ретпен орналасып, кейде симметриясы сақталатын статикалық мүсіндерден құралады. Бұл стиль оларды басқа петроглифтерден өзгеше көрсетуімен қатар 2-ші топтағы "үшбұрышты" жұмбақ бейне мен 3-ші топтағы "тордың" да б. з. д. 1100-800 жылдар аралығында кескінделгенін анықтауға мүмкіндік береді. Бәлкім, бұған кейінгі қола дәуірінде салынған тұяқ бейнесін де қосуға болар.
Ерте темір дәуірінің (б. з. д. 800-400 жылдар) таңбаларын кешеннің жоғарғы жағында, әр жерде шашырап жатқан ешкі бейнесін білдіретін қарапайым сызықтардан көруге болады. Олардың ішіндегі ең елеулілерінің бірі – 1-ші топқа жататын аң стиліндегі бұғы бейнесі. Ерте темір дәуірінің петроглифтері Теректі әулиеде мейлінше сирек. Өйткені, бұл дәуірде қия беткейге таңба түсіріп, петроглифтер салудың баяғыдағыдай мәні қалмады. Қазіргі уақытта зияратшылар жасап жүрген ғұрыптық рәсімдердің олармен тікелей байланысы жоқ.<ref>АЛТАЙДАН КАСПИЙГЕ ДЕЙІН. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТАБИҒИ,ТАРИХИ ЖӘНЕ МӘДЕНИ ЕСКЕРТКІШТЕРІ МЕН КӨРНЕКТІОРЫНДАРЫНЫҢ АТЛАСЫ. 3 томдық. Алматы. 2011. 1 т.–584 б., карталар, суреттер. ISBN 978-601-280-215-3, ISBN 978-601-280-216-0</ref>
Петроглифтер көрінісі
- Теректі әулие. 1 топ.jpg
1 топ. Ат бейнелері мен күн тәрізді белгі-бейнелер. Қола дәуірі.
- Теректі әулие. 1 топ. Құстың және ат іздері.jpg
1 топ. Құстың және ат іздерінің суреті.
- Теректі әулие. 1 топ. Жылқы бейнелері.jpg
1 топ. Жылқы бейнелері.
- Теректі әулие. 1 топ. Текелер бейнеленген композиция.jpg
1 топ. Текелер бейнеленген композиция.
- Теректі әулие. 3 топ. Жылқы бейнелері.jpg
3 топ. Жылқы бейнелері.
- Теректі әулие. 3 топ. Жылқылар мен бұқаның суреттері.jpg
3 топ. Жылқылар мен бұқаның суреттері.
- Теректі әулие. 3 топ. Ырым шүберектер байланған қасиетті сырық.jpg
3 топ петроглифтері салынған жартастың төбесіндегі ырым шүберектер байланған қасиетті сырық.
- Теректі әулие. Суреттердің микалентті көшірмесі.jpg
Теректі әулие. Жартастарға салынған жануар суреттерінің микалентті көшірмесі. Қола дәуірі.