Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Әрі-сәрі"
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
ш (1 түзету) |
|
(айырмашылығы жоқ)
|
00:14, 2025 ж. сәуірдің 26 кезіндегі нұсқасы
Әрі-сәрі - екі немесе үш-төрт айлық қозы терісінің атауы. Қозы туғаннан кейін екіден төрт ай аралығында сойылған қозының терісі елтірі емес, бірақ ол терінің толық сипатына еніп үлгермеген деген мағынаға саяды. Әрі-сәрі қозының терісінен көбіне ішік тігеді. Осы кезде сойылған терінің жүні ұзынды-қысқалы болғандықтан оны біркелкі қырқып тастап, бөрік тігуге, киім жұрындауға пайдаланады. Әрі-сәрі теріден жасалған ішік жеңіл, жұқа болады, бірақ соншалықты жылы болмайтындықтан ондай ішікті қара суық кездері және сәндік үшін киеді.<ref> Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2 </ref>
Дереккөздер
<references/>