Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Британ музейі"
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
ш (clean up, replaced: Пайдаланылған әдебиет → Дереккөздер using AWB) |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
|
00:14, 2025 ж. сәуірдің 26 кезіндегі нұсқасы
Британ музейі — Лондонда орналасқан әлемдегі ірі музейлердің бірі. 1753 жылы негізі қаланған. Мұражай ғимараты 1823 — 47 жылдары салынды, сәулетшісі — Р. Смерк. Музейде алғашқы қауымдық өнер ескерткіштері (негізінен, Британ аралдарындағы), Ежелгі Мысыр, Месопотамия (оның ішінде көне Ура қаласының Розеттасы, ассириялық бедерлі суреттер, т.б. бар), Ежелгі Грекия мен Көне Рим (Парфенонның және Галикарнас музейінің мүсіндері, құмыралар мен тастар) Еуропа, Азия, Африка елдері мен халықтарының өнер және мәдениет ескерткіштері, гравюра, сурет, металл ақша, медальдердің бай қоры бар. Британ музейінің кітапханасында 7 млн-нан астам кітаптар, 105 мыңдай қолжазбалар, соның ішінде ежелгі Мысыр папирустары сақтаулы.
Дереккөздер
“Қазақ Энциклопедиясы”, ||-том