Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Әулие қыз бейіті"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
ш (clean up, replaced: Қазақ Энциклопедиясы, 1 том → «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «[[Қазақ энци using [[Project:AWB|AWB]])
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

00:09, 2025 ж. сәуірдің 26 кезіндегі нұсқасы

ӘУЛИЕ ҚЫЗ БЕЙІТІ— 18 ғасырдан сақталған сәулет өнері ескерткіші. Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы Жорға ауылынан батысқа қарай 3 км жерде. Әулие қыздың кім екені жайлы дерек жоқ, бірақ ол жерленген бейіт орналасқан тұстың жоғары жағынан 5 шипалы бұлақ ағып шығып, жылға құрайды (қ. Әулиебұлақ). Әулие қыз бейіті жылғаның оң жағасына шикі кірпіштен тік бұрышты шаршы үлгіде (8,36м 8,63 м) тұрғызылған. Оңтүстік-шығыс жағындағы қабырғадан ішке кіретін ойық қалдырылған. Осы жағына жалғастырылып қоршау салынған. Қоршаудың Солтүстік-батыс бөлігі қираған, қабір орны да сақталмаған. Бейіт ішінде “ақтық” байланған қураған ағаш бар. Әулие қыз бейітін жергілікті тұрғындар киелі орын ретінде қастерлейді.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, I том</ref>

Дереккөздер

<references />

Үлгі:WikifyҮлгі:Stub