Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Иктин"
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
ш (clean up, replaced: Пайдаланылған әдебиет → Дереккөздер using AWB) |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
|
00:08, 2025 ж. сәуірдің 26 кезіндегі нұсқасы
Иктин — гректің ұлы сәулетшісі және сәулет өнерінің теоретигі, б. э. бұрынғы V ғасырдың екінші жартысында жұмыс істеді. Б. э. бұрынғы 447—438 жж. Иктин Калликратпен бірге Афины акрополінде грек сәулетінің ең кемел туындысы — Парфенонды салды. Ол тұңғыш рет бір ғимаратта доря және иония ордерлерін жарасымды үйлестірді. Б. э. бұрынғы V ғ. 30-шы жж. Иктин Элевсинде (Аттика) зікір үшін Телестерион храмын, кейінірек Бассыда (Пелопоннес) ішкі кеңістік композициясы керемет батыл да соны әрі коринф ордерінің капителі тұңғыш рет қолданылған Аполлон храмын салды.<ref>Өнердің ықшам тарихы—Антик өнері — Алматы, «Өнер» баспасы, 1988.—360 бет ISBN 5-89840-030-3</ref>
Дереккөздер
<references/> Үлгі:Wikify