Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Үшбұлақ ескерткіші"
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
ш (Нұрлан Рахымжанов Үшбұлақ (Жамбыл облысы) бетін Үшбұлақ ескерткіші бетіне жылжытты: нақтылау үшін) |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
|
00:08, 2025 ж. сәуірдің 26 кезіндегі нұсқасы
Үшбұлақ — палеолиттік ескерткіш. Жамбыл облысы Қаратау қаласынан солтүстік-батысқа қарай 36 км жерде. 1958 ж. Қазақстан Ғылым Академиясы Ш. Уәлиханов атындағы Тарих, археология және этнография институтының Қаратау палеолит отряды (жетек. Х.Алпысбаев) тапқан. Бұл жерден байырғы аңшылардың қысқа мерзімді 6 ескерткіші анықталған. Ең ежелгі замандарға жататыны Үшбұлақ-6 ескерткіші. Ол бұлақ басынан 3 м биіктікте. Табылған заттар арасындағы 3 үшкір тас Үшбұлақты мустье дәуіріне жатқызуға мүмкіндік берді. Олар мөлдір, сұрғылт сұр тығыз шақпақ тас сынығынан дайындалған.
Сілтемелер
"Қазақ Энциклопедиясы", 9 том