Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Бар болмысымен фильмі"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
(Cat-a-lot: Аласталуда... Санат:Массмедиа)
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

00:06, 2025 ж. сәуірдің 26 кезіндегі нұсқасы

«Бар болмысымен» фильмі – "Қазақтелефильм" студиясының 3 бөлімді, қазақ-орыс тілдеріндегі деректі фильмі (1976)<ref>"Қазақ телевизиясы". Энциклопедия. - Алматы: "ҚазАқпарат", 2009, 1-т. - 640 б. ISBN 978-601-03-0070-5 </ref>.


Фильм Қазақ КСР-інің Халық әртісі Қапан Бадыровтың шығарма жолына арналған. Онда театр актері Бадыровтың сан алуан спектакльдердегі рөлдерде ойнаған сәттерінен түсірілген фотосуреттер көрсетіледі. "Сурет", "Еңлік-Кебек", "Ақан сері" спектакльдерінен мизансценалар, "Жауынгер улы" көркем фильмінен үзінділер телефильмге шынайылықпен кіріктіріледі.

Қ.Бадыровтың шығармашылығы туралы КСРО Халық артистері Г.Рошаль, Г.Товстоногов, РС-ФСР Халық әртісі В.Строева, Қазақ КСР-інің Халық әртісі Ә.Мәмбетовтер ой бөліседі. Сондай-ақ мұнда Ә.Тәжібаев, Г.Мүсірепов, Ю.Завадскийлер бейнеленген кадрлар бар. Режиссері – М.Байқанов, операторы – С.Келдібаев.

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Суретсіз мақала