Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Тілеулесов Январбек Сағымбайұлы"
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
(Cat-a-lot: Тасымалдануда... Санат:Баспагер → Санат:Қазақстан баспагерлері мен полиграфистері) |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
|
00:06, 2025 ж. сәуірдің 26 кезіндегі нұсқасы
Тілеулесов Январбек Сағымбайұлы — 1935 жылы 25 қыркүйекте Қоғалы ауылында «Путь к коммунизму» кеңшарында дүниеге келген. <ref>Қазақстан баспагерлері мен полиграфистері. Анықтамалық. Алматы, «Білім» баспасы. 2005 ж. – 576 бет. ISBN 9965-09-134-Х </ref>
- 1953 жылы М. Горький атындағы орта мектепті аяқтағаннан кейін Мәскеу полиграфия институтына оқуға түсті. Институт бітірген соң №2 баспаханаға жіберіліп, сонда слесарь болып еңбек жолын бастады.
- 1960 жылы Алматы полиграфкомбинатына ауысып, 1964 жылдың қазан айына дейін слесарь, цех бастығы, бас инженер болып істеді.
- 1964 жылдан Қазақстан Компартиясы ОК баспасында бас инженер, директор қызметтерінде істеді. Түрлі мекемелерде бас инженер, механик, аға инженер, бөлім бастығы болды. ҚР Кооператорлар мен кәсіпкерлер одағының тұңғыш вице-президенті.
- 1991 жылы Тәуелсіз Қазақстан басшылығы республикалық «Дәуір» газет-журнал баспасына бас директор қызметіне тағайындады.
- 2001 жылға дейін осында бас директор, президент лауазымдарында болды.
- 2003 жылдың маусымынан 2005 жылдың мамыр айына дейін «Астана полиграфия» ЖАҚ Директорлар Кеңесінің президенті болды.
ҚР Инженерлік академиясының академигі, профессор, ҚР Еңбегі сіңген қызметкер. Тәуелсіз Қазақстан медалімен, ҚазКСР 2 құрмет грамотасымен марапатталған.
Дереккөздер
<references/>