Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Наурызбаев Әлібек Наурызбайұлы"
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
(Cat-a-lot: Тасымалдануда... Санат:Баспагер → Санат:Қазақстан баспагерлері мен полиграфистері) |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
|
00:06, 2025 ж. сәуірдің 26 кезіндегі нұсқасы
Наурызбаев Әлібек Наурызбайұлы — 1964 жылдың 29 шілдесінде Жамбыл облысы, Шу ауданы Жамбыл совхозында дүниеге келген. <ref>Қазақстан баспагерлері мен полиграфистері. Анықтамалық. Алматы, «Білім» баспасы. 2005 ж. – 576 бет. ISBN 9965-09-134-Х </ref>
- 1981 жылы Жамбыл атындағы орта мектепті бітіргеннен кейін №109 ауылдық кәсіби училищеге түсіп, одан «механизатор-техник» мамандығын алып шығады.
- 1983-1985 жылдары Кеңес Армиясы қатарында қызмет етеді. Әскер қатарынан оралғаннан кейінгі саналы ғұмырын қазақстандық полиграфия ісіне арнады.
- 1985-2002 жылдар аралығында Алматы қаласындағы «Кітап» республикалық өндіріс бірлестігінде басушының көмекшісі, цех мастері, цех бастығы, директордың жалпы және әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары, бас инженер болып жұмыс жасады.
- 1988 жылы біліктілігін арттыру мақсатында Мәскеу полиграфиялық институтына тусіп, 1994 жылы оны (қазір Мәскеу мемлекеттік баспа академиясы) «инженер-механик» мамандығы бойынша бітіреді.
- 2002 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Қазақ университеті» баспасының директоры қызметіне жарияланған конкурстан өтіп, осы баспаның директоры қызметіне тағайындалады.
Полиграфия туралы 10-нан астам ғылыми мақалалар мен оқу-әдістемелік жарияланымдардың авторы. Филология ғылымдарының докторы, профессор Э.Д. Сүлейменованың жетекшілігімен «Подъязык полиграфии: проблемы двухязычной лексикографии» тақырыбына арналған кандидаттық диссертация қорғау үшін зерттеулер жүргізуде.
Дереккөздер
<references/>