Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "«Ант»"
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
ш ({{Суретсіз мақала}} үлгісін үстедім) |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
|
00:05, 2025 ж. сәуірдің 26 кезіндегі нұсқасы
«Ант» – 1972 жылы жарық көріп, тарихи тақырыпты арқау еткен Тахауи Ахтановтың драма-дастаны. <ref> Қазақ әдебиеті. Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математикалық бағытындағы 11-сыныбына арналған оқулық. Алматы «Жазушы» 2011 жыл.</ref>
Бұл туындыға екі оқиға негіз болған. Бірі - Әбілқайыр ханның Ресей патшалығына қосылу үшін Кіші жүз атынан ант беруі. Екіншісі - осы қайшылықты да күрделі, айтулы оқиғаның шешілуі. Драма-дастанда Ресей патшалығына ант берген Әбілқайыр ханды Барақ сұлтан бастаған топ Сауранның қолымен өлтіргені суреттелген.
Драма үш бөлімнен тұрады. Ол бөлімдер «Түнгі сыр», «Аңырақай», «Арпалыс» деп аталып, сол дәуірдің әлеуметтік-саяси шындығы қым-қиғаш тартыстар арқылы ашылған.
Дереккөздер
<references/>