Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Сауқат"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

00:05, 2025 ж. сәуірдің 26 кезіндегі нұсқасы

Сауқат. Тілімізде жеке тұрып та, «сәлем-сауқат» қос сөзі құрамында да қолданылады. «Біздің қолымыздан дәм татсын деп, сізге азғана сауқат жібердік» (С. Омаров, Қызыл.). «Жолда Қызылордаға түсіп, сол жерден дивизияға арналған сәлем-сауқат ала кететін болдық» (Ә. Нұршайықов, Ақиқат.). Мысалда көрінгендей, «сауқат» сөзінің жеке не қос сөз құрамындағы мағынасы — бір жақтан біреу арқылы жіберілетін сәлемдеме.«Сауқат» тұлғалас сөз басқа түркі тілдерінде де қолданылады. Ноғайларда савкат — сыйлық, тарту, Әзірбайжан тілінде сауғат — тарту, сыйлық, базарлық. Түркі тілдерінің қай-қайсысына болмасын бұл тұлғалас сөз парсы тілінен ауысқан. Оларда «соуғат» дыбыстық құрамдағы сөз «тарту, базарлық» мағынасын білдіреді.<ref>Бес жүз бес сөз.— Алматы: Рауан, 1994 жыл. ISBN 5-625-02459-6</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Үлгі:Суретсіз мақала