Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Михаил Семёнович Бубенов"
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
(Cat-a-lot: Аласталуда... Санат:Ресей тұлғалары) |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
|
00:04, 2025 ж. сәуірдің 26 кезіндегі нұсқасы
Михаил Семёнович Бубенов– орыс, кеңес прозаигі.
1909 жылы 8 қарашада Второе Поломошнево ауылында дүниеге келген.
1927 жылы ауыл мектебін бітіріп, ауыл мұғалімі болады, осы уақытта алғашқы шығармаларын жаза бастайды.
1929 жылы І Бүкілодақтық крестьяндық жазушылар съезіне қатысады.
1947 жылы жарық көрген «Белая береза» әскери романы – Бубеновтың басты шығармаларының бірі.
1939 жылдан бастап Татар Жазушылар Одағының мүшесі. Ұлы Отан соғысына қатысқан.
1948 жылы бірінші дәрежелі Сталин сыйлығын иеленеді.
Шығармалары
- «Гремящий год»,
- «Бессмертие»,
- «Орлиная береза»,
- «Стремнина»,
- «Зарницы красного лета»,
- «Светлая даль юности».
Дереккөздер
<references/>