Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Жас Қаныш (кітап)"
(Cat-a-lot: Тасымалдануда... Санат:Кітап → Санат:Кітаптар) |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
|
00:04, 2025 ж. сәуірдің 26 кезіндегі нұсқасы
Жас Қаныш - 1999 жылы Алматы қаласындағы «Қазақстан» баспасынан қазақ тілінде жарық көрген кітап. Көлемі 10,7 баспа табақ. Авторы – академик - ғалым, жазушы Е.Букетов. Деректі хикаят 2 тараудан тұрады. Онда академик Қаныш Сәтбаевтың жастық шағы, өскен ортасы, туған жері көркем баяндалған. Шығарма орыс тілді оқырманға арналып жазылғандықтан, автор қазақтың тұрмыс-салт, әдет-ғұрып, тәлім-тәрбие ерекшеліктеріне кеңірек тоқталып, қызғылықты баяндайды. Еңбектің соңына осы кітаптың авторы - Букетов туралы журналист Б. Әдеттің «Қыры - ғылым, өрі - өлең» атты үлкен очеркінен үзінді берілген. Кітаптың танымдық, тағылымдық маңызы зор.<ref>Қаныш Сатпаев. Энциклопедия / Бас редактор Б.Ө.Жақып. — Алматы «Қазақ энциклопедиясы», 2011 жыл. ISBN 9965-893-74-8</ref>
Дереккөздер
<references/>