Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Хажы-мұхаммед"
ш (clean up, replaced: "Қазақ Энциклопедиясы" 9 том → «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанба using AWB) |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
|
23:59, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі нұсқасы
ХАЖЫ-МҰХАММЕД (т. ж. б. — 1430) — Сібір хандығының алғашқы билеушісі (1420 — 1430). Жошы хан әулетінің өкілі. Жошы ұлысының оң қанатын басқарып, Ақ Орда билеушілеріне қарсы күрес жүргізді. Едігенің ұлы Мансұрдың қолдауымен Сібірдегі Чимга-Тимур (Шимға Тұра) деген қ-да өзін хан деп жариялады. Жошы ұлысын біріктіруді көздеген Орыс ханның немересі Барақ хан 1421 ж. ХАЖЫ-МҰХАММЕД әскерлерін талқандап, оны тәуелділікке түсірді. 1428 ж. Барақ хан ноғай билеушілерімен соғыста қазаға ұшырады. Соның нәтижесінде ХАЖЫ-МҰХАММЕД Тура мен Тобыл өзендерінің аралығында өз иелігін құрды. Бұл иелік Түмен (Сібір) хандығы деп аталды. ХАЖЫ-МҰХАММЕД көп ұзамай Әбілхайыр ханмен күресте қаза тапты.
Сілтемелер:
«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IX том