Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Митченко Никита"
ш ((GR) File renamed: File:Eternal fire.jpg → File:Eternal Flame World War II monument. Almaty, Kazakhstan.jpg File renaming criterion #2: To change from a meaningless or ambiguous name to a name that d...) |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
|
23:59, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі нұсқасы
Митченко Никита Андреевич (1913, қазіргі Аршалы ауданы Владимиров ауылы– 1941, Мәскеу облысы Волоколам ауданы Дубосеково разъезі) – 28 панфиловшы-батырлардың бірі, Кеңес Одағының батыры (1942, қаза тапқаннан кейін). Еңбек жолын туған ауылында бастаған. 1936 жылы жанұясымен Үштөбе қаласына (қазіргі Алматы облысы ) көшіп барып, темір жол ст-ның сауда базасында жүк тасушы болып жұмыс істеген. 1941 жылы өз еркімен майданға аттанып, 1075-атқыштар полкі 4-ротасының құрамында ұрыстарға қатысқан. Дубосековоны қорғау кезіндегі ұрыста қаза болған. Нелидово деревнясындағы (Мәскеу облысы ) бауырластар зиратына жерленген. Аршалы кентіндегі көшеге, Владимировтегі орта мектепке Митченко есімі беріліп, Үштөбе қаласында ескерткіш-бюст орнатылған.
Дереккөздер</span>
«Ақмола облысы» энциклопедиясы