Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Көпей Бимағанбетов"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
ш (Нұрлан Рахымжанов Бимағанбетов Көпей бетін Көпей Бимағанбетов бетіне жылжытты)
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

23:59, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі нұсқасы

‘’’Бимағанбетов Көпей‘’’ (1890, Шиелі ауданы «Шал шұңқыры» елді мекені – 1968, сонда) – қайраткер. Перовск (қазіргі Қызылорда) қаласындағы қазақ-орыс мектебінде оқыған. 1918 жылы Шиелі ауданда қазіргі «Бидайкөл» ұжымдық шаруашылығы орналасқан елді мекеннен алғаш мұсылман жастарына арналған мектеп ашуды ұйымдастырып, кейін оның директорлығына тағайындалды. 1923 – 25 жылы Ақмешіт уезіне қарасты «Қосшы» одағы уездік-қалалық комитетінің мүшесі, жауапты хатшысы, 1925 – 26 жылы Шиелі атқару комитетінің төрағасы болды. 1929 – 31 жылы Қызылорда уезі 27-телімінің халық соты, Қазалы, Қармақшы аудандарында халық соты, 1931 – 36 жылы оңтүстік Қазақстан облысының Сайрам, Ленгер, Шаян, Келес аудандарында халық соты, ауданы ұжымшарлар одағы төрағасының орынбасары қызметтерін атқарады. 1936 – 38 жылы қуғын-сүргін кезеңінде туған ауылына оралып, сонда қызмет істеді.

Дереккөздер

«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том

Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub