Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Сергей Пантелеевич Филиппенко"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
(Cat-a-lot: Аласталуда... Санат:Қоғам)
 
ш (1 түзету)
 
(2 қатысушының арадағы 2 түзетуі көрсетілмеген)
(айырмашылығы жоқ)

19:29, 2026 ж. маусымның 25 кезіндегі нұсқасы

Сергей Пантелеевич Филиппенко (1913, Ресей, Төменгі Волга өлкесі, Фитино селосы – 1958, Түлкібас ауданы) – Социалистік Еңбек Ері (28.3.1948). 1931 – 41 ж. Арыс және Түлкібас ауданы "Сельхозснаб" бөлімшесінің меңгерушісі, ұшымшар төрағасы, Түлкібас ауданы еңбекшілер Кеңесі атқару комитетті төрағасының орынбасары. 1941 – 1945 ж. 2-дүниежүзілік соғысқа қатысты. 1946 – 1958 ж. аудандық ұжымшарларда басқарма төрағасының орынбасары, төрағасы қызметтерін атқарды. Ленин, 2-дәрежелі Отан соғысы, Қызыл жұлдыз ордендерімен, медальдармен марапатталған.

Cілтемелер

"Оңтүстік Қазақстан облысының энциклопедиясы"

Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Wikify