Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Эдуард Жабашұлы Мәлбеков"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
ш (clean up, replaced: Қазақстан Республикасында Кімнің Кім екені → Қазақстан Республикасында кімнің кім екені, Пайдаланған әдебие using AWB)
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

23:58, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі нұсқасы

Эдуард Жабашұлы Мәлбеков - 1941 жылы 13 ақпанда Алматы қаласында туған. Қазақ. Әкесі - Мәлбеков Жабаш, марқұм, ¥ОС қатысқан. Анасы - Ясафова Федосия Никифоровна, марқұм. Әл-Фараби атындағы Шымкент педагогикалық мәдениет институтын бітірген (1989), хореограф-пөдагог. ҚР Халық әртісі Г.У. Түткібаева туралы монографияның авторы. 1958 жылдан - Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театрының жоғары санаттағы солисі. 1984 жылдан - Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера жәнө балет театры директорының орынбасары. 1986 жылдан - Селезнев атындағы Алматы хореография училищесінің директоры. 1988 жылдан - қоюшы- балетмейстер, «Салтанат» мемлекеттік ән және би ансамблінің труппа меңгерушісі. 1990 жылдан - «Гүлдер» ансамблінде репетитор-педагог. 1995 жылдан - Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филармониясының балетмейстері. 2000 жылдан - Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесінің көркемдік жетекшісі. 2002 жылдан бері - Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балөт театрының балет труппасының меңгерушісі. Жетекшілігімен төмендегі қойылымдар қойылған: А. Бородин «Половецкие пляски» (2001), X. Монтойи «Хикуэлина» (2003) және басқалар. ҚазКСР Еңбек сіңірген әртісі (1973). «Қүрмет белгісі» (1984) орденімен, «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне Южыл» (2001) медалімен, ҚР құрмет грамотасымен марапатталған. Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Ф. Миттеран, Д.А. Қонаев. Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Оптимистік, егер Қытай экспансиясы болмаса». Хоббиі - классикалық музыка (Малер, Г. Берлиоз). Сүйіп оқитын әдебиеті - А.П. Чехов, Ш. Айтматов, Э.-М. Ремарк. Үйленген. Екі баласы бар.<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Bio-stub