Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Тоқтасын Кенжеқанұлы Ерубаев"
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
ш (→Хронологиясы: clean up, replaced: – 2011. → ., 2 томдық → Екі томдық, 2011. → 2011 жыл. using AWB) |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
|
23:58, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі нұсқасы
Тоқтасын Кенжеқанұлы Ерубаев - 1963 жылы 29 шілдеде Шығыс Қазақстан облысы Марқакөл ауданының қарашілік ауылында туған.
Хронологиясы
- Қарағанды мемлекеттік медициналық институтының гигиена, санитария және эпидемиология факультетін (1986) санитарлық дәрігер мамандығы бойынша;
- Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің әлеуметтік салалардағы экономика факультетін (2002) экономист-заңгер мамандығы бойынша бітірген.
- 1986 жылдан - ШҚО ¥лан аудандық санитарлық-эпидемиологиялық стансасының эпидемиолог-дәрігері.
- 1989 жылдың тамызынан - Семей облыстық санитарлық-эпидемиологиялық стансасының санитарлық дәрігері,
- 1989 жылдың қарашасынан - коммуналдық гигиена бөлімінің меңгерушісі,
- 1990 жылдан - эпидемиолог-дәрігері,
- 1992 жылдан - эпидемиологиялық бөлімнің меңгерушісі,
- 1996 жылдан- бас дәрігердің орынбасары.
- 1997 жылдың маусымынан - Шығыс Қазақстан облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының эпидемиолог-дәрігері,
- 1997 жылдың шілдесінен - эпидемиология бөлімінің меңгерушісі,
- 1999 жылдан - бастығының орынбасары,
- 2001 жылдың сәуірінен - бастық орынбасарының м.а.,
- 2001 жылдың шілдесінен - бастығының орынбасары.
- 2003 жылдан - Өскемен қ. Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бастығы.
- 2005 жылдан - ШҚО Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті директорының орынбасары.
- 2008 жылдың маусымынан - ШҚО Мемлекеттік эпидемиологиялық бақылау департаменті бастығының орынбасары.
- 2008 жылдың қазанынан - ШҚО Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бастығы.
- 2009 жылдан бері - ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ШҚО бойынша Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті департаментінің директоры.<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>
Дереккөздер
<references/>