Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Рәкүл Тәжиева"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
ш (Дереккөздер: clean up, replaced: Пайдаланған әдебиет → Дереккөздер using AWB)
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

23:58, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі нұсқасы

Рәкүл Тәжиева (1.5.1926, Алматы - 8.10.2000, сонда) - балет артисі, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі (1958). 1944 ж. Алматы хореографиялық училищесін (А.А. Александров пен А.В. Селезневтің класы бойынша) бітірді. 1944 - 68 ж. Қазақ академиялық опера және балет театрында соло-биші болды. Мұнда Жизель (А.Аданның "Жизелінде"), Мария (Б.В. Асафьевтің "Бақшасарай фонтанында"), Тао Хоа (Р.М. Глиэрдің "Қызыл гүлінде"), Сванильда (Ч.Пуньидің "Эсмеральдасында"), Назым (В.В. Великановтың "Қамбар - Назымында"), Жәмила (Н.Тілендиев пен Л.Б. Степанов пен Е.Манаевтың "Достық жолыменінде"), т.б. партияларды және ұлттық опералардан жеке билерді биледі. Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталған.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақала