Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Талатбек Әкімов"
ш (Cat-a-lot: Аласталуда... Санат:Қазақ әдебиеті) |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
|
23:58, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі нұсқасы
Талатбек Әкімов (1936, Өзбекстан, Ташкент облысы жоғары Шыршық ауданы) - әдебиет зерттеуші, филология ғылымының кандидаты (1993). ҚазҰУ-ды бітірген (1967). Ауыл шаруашылығында, Жезқазған геологиялық барлау экспедициясында жұмыс істеген. 1968 - 1992 ж. Әдебиет және өнер институты жанындагы "Әуезов үйі" ғылымының-мәдени орталығында кіші ғылыми қызметкер, 1993 жылдан аға ғылымының қызметкер. Әкімов ұзақ жылдар бойы М.Әуезов мұрағатын зерттеумен айналысып келеді. Ұлы жазушы өмірі мен шығармашылығы жайлы елуден астам ғылыми мақалалар мен "даналық мәйегі" зерттеу кітабыныц авторы. М.әуезовтің 20 томдық шыгармалар жинағының, 50 томдық шығармалар жинағының алғашқы 3 томының ғылыми түсініктемелерін жазып, баспаға әзірлеуге қатысты. "М.О. Әуезовтін қолжазба мұрасы" ғылыми сипаттамасы (1977) мен "М.О. Әуезовтің өмірі мен шығармашылығы шежіресі" кітабын (1997) құрастырушылардың бірі.<ref>“ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6</ref>
Дереккөздер
<references/> Үлгі:Stub: Қазақ әдебиеті Үлгі:Wikify