Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Мақсат Нығметуллаев"
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
ш (clean up, replaced: [[[[Маңғыстау энциклопедиясы]]]] → Маңғыстау энциклопедиясы using AWB) |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
|
23:58, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі нұсқасы
Мақсат Нығметуллаев (1940 ж. т., Маңғыстау облысы) – педагог, Аға мұғалім, Жоғары санатты ұстаз (2005). Гурьев педагогикалық институтын (қазіргі Атырау университеті) бітірген (1966). 1958 – 62 ж. балықшы, сейсмикалық партияда жұмысшы. 1966 жылдан Бейнеу, Қарақия аудандық Ақтау қалалық мектептерінде мұғалім болды. Өлке мәдениетін тарихымен қоса зерттеп, 300-ден астам мақала жариялаған. Қарақия ауданындағы №1 мектепте өлке тарихына арналған мұражай ашты. «Тарих тағылымы», «Оқушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру», «Мектеп социологиясы», «Маңғыстау экологиясы», «Адай кіндікті әулиелер» кітаптарының авторы. «Ы.Алтынсарин» (1987) медалінің иегері.<ref>Маңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997; </ref>
Дереккөздер
<references/>