Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Рухия Махмұтқызы Батыршева"
ш (Нұрлан Рахымжанов Батыршева Рухия Махмұтқызы бетін Рухия Махмұтқызы Батыршева бетіне жылжытты (айдатқыш қалдырмады)) |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
| |
23:58, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі нұсқасы
Батыршева Рухия Махмұтқызы (1955 жылы туған, Форт-Шевченко қаласы) – әнші, күйші, термеші, ҚР-ның еңбек сіңірген қайраткері (2004). Алматы қаласындағы эстрада және цирк өнері студиясын (1978) және Қазақ мемлекеттік консерваториясын (қазіргі Қазақ ұлттық консерваториясы) бітірген (1985). Қазақтың мемлекеттік академ. халық аспаптары оркестрінің (1981 – 86), «Ақжарма» фольклорлық этногр. ансамблінің, Абыл атындағы ұлт аспаптары оркестрінің артисі, сондай-ақ Форт-Шевченко қаласындағы Мұрын жырау атындағы музыка мектебінің директоры (1986 – 88), Ақтау қаласындағы 1-өнер мектебінде оқытушы (1888 – 93), А.Тарақұлы атындағы қазақ өнер мектебінің директоры (1993 – 2005), облысы филармонияның директоры (2005 – 07) болып қызмет атқарды. ҚР «Оқу ісінің үздігі» (1996). ҚР-ның Білім және ғылым министірлігінің Құрмет грамотасымен (2000) марапатталған.<ref>Маңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997; </ref>
Дереккөздер
<references/>