Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Мұқан Өмірәліұлы Бектенов"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
ш (Нұрлан Рахымжанов Бектенов Мұқан бетін Мұқан Өмірәліұлы Бектенов бетіне жылжытты (айдатқыш қалдырмады))
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

23:58, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі нұсқасы

Бектенов Мұқан (М у х а м е д) Өмірәліүлы(1908, Павлодар облысы -1950, Қарағанды қ.) - актер, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі (1944). 1934 - 36 ж. Семей муз. драма театрында, 1936 жылдан өмірінің соңына дейін Қарағанды облысы драма театрында актер болып қызмет етіп, өр алуан рольдерде ойнады. Олар: Есен, Қазан (М.Әуезовтің "Еңлік - Кебегі" мен "Қара қышлақ Қобыландысында", Қодар, Балта (Ғ.Мүсіреповтің "Қозы Көрпеш - Баян сұлуы" мен "Ақан сері - Ақтоқтысында"), генералПан-филов (Әуезов пен Ә.Әбішевтің "Намыс гвардиясында"), Жомарт (Ә.Тәжібаевтың "Жомарттың кіле-мінде"), Флориндо (К.Гольдонидің "Екі мырзаға бір қызметкерінде") және музыка спектакльдерде Бекежан (Е.Г. Брусиловсқий мен Мүсіреповтің Қыз Жібегінде"), Тарғын (Брусиловсқий мен С.Камаловтың "Ер Тарғынында"), Жалбыр (Брусиловский мен Б.Майлиннің осы аттас музыка драмасында), Арыстан (И.В. Коңық пен Әуезовтің "Айман - Шолпанында"), т.б. болды. <ref>Мұхтар Әуезов энциклопедиясы — Алматы, «Атамұра» баспасы, 2011 жыл. ISBN 978-601-282-175-8</ref>

<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақала