Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Костенко Лев Феофилович"
ш (clean up, replaced: Пайдаланған әдебиет → Дереккөздер using AWB) |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
|
23:58, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі нұсқасы
Костенко Лев Феофилович(1841 – 1891) – Ресей империясы армиясы бас штабының офицері, 1887 жылдан генерал-майор, Орыс география қоғамының мүшесі. Ресей империясы әскери академиясын бітірген (1866). 1867 – 78 ж. Түркістан әскери округында қызмет істеді. 1870 ж. Бұхараға барған дипломатиялық миссияға, 1873 ж. Ресей империясы армиясының Хиуаны жаулап алу жорығына қатысты. 1878 – 85 ж. Костенко Ресей империясы армиясының Жетісу облысы штабының бастығы болды. 1886 ж. Бас штабтың Әскери-ғылыми камитетінің кеңесіне қызметке жіберілді. 1887 жылдан Бас штабтың Азия бөлімін басқарды. Костенко “Орта Азия және онда орыс азаматтығының енуі” (1870), “Түркістан өлкесі. Түркістан әскери округының әскери-статистикалық шолу тәжірибесі” (1880, 1 – 3 т.), “Орыс миссиясының 1870 ж. Бұхараға саяхаты” (1871), “Алжир мен Туниске саяхат” (1875), “Жоңғария. Әскери-статистикалық очерк” (1887) т.б. еңбектер жазды.
Дереккөздер
<references/>Қазақ Энциклопедиясы, 11 - том