Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Секен Бәзілбайұлы Дорженов"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
ш (clean up, replaced: Пайдаланылған әдебиет → Дереккөздер, “Қазақ Энциклопедиясы”, 5-том → «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас ре using AWB)
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

23:58, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі нұсқасы

Секен Бәзілбайұлы Дорженов (7 мамыр 1937 ж., Алматы облысы, Ақсу ауданы, Матай станциясы – 13 қазан 2003 ж., Алматы қаласы) – тарих ғылымының докторы (1977), профессор (1978).

1959 ж. Қырғыз мемлекеттік университетін, 1964 ж. КСРО Ғылым Академиясы Шығыстану институтының аспирантурасын бітірген. Қырғыз мемлекеттік университетінде (1964–81), Алматы халық шаруашылық институтында (1981–83; 1987–97, қазіргі Қазақ экономикалық университеті), Алматы театр-көркемсурет институтында (1984–87) ғылыми-педагогикалық жұмыстармен шұғылданды. 1997 жылдан республикалық Гуманитарлық білім орталығының директоры болды. 150-ден аса ғылыми еңбегі, оның ішінде 6 монографиясы жарияланған.<ref name=source1>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, V том</ref>

Үлгі:Суретсіз мақала

Дереккөздер</span>

<references/>

Үлгі:WikifyҮлгі:Stub