Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Ералы Елекейұлы Қасымов"
ш (Нұрлан Рахымжанов Қасымов Ералы бетін Ералы Елекейұлы Қасымов бетіне жылжытты) |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
|
23:58, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі нұсқасы
Қасымов Ералы Елекейұлы (1869, Қармақшы ауданы Төрткөл ауылы – 1932, Қызылорда) – қоғам қайраткері. Діни білім алған. 1917 жылғы ақпан төңкерісіне дейін тілмаштық қызмет атқарған. 1917 – 18 жылдары Ақмешіт уездік ұлттық қазақ комитетінің төрағасы болды. Ақмешіттіктер Қасымовты хан сайлаған. Хан сайлау сол кезде тек Орал және Сыр бойы руларында ғана сақталды. 1917 – 18 жылдары Ақмешітте 3 ұйым әрекет етті. Олар – Ұлттық қазақ комитеті, Қырғыз (қазақ) депутаттары Кеңесі (төрағасы – Х.Ибрагимов) және Халық өкілдері Кеңесі (төрағасы – С.Лапин). Барлығының алға қойған мақсаты ортақ болғанымен, таңдаған күрес жолдары әртүрлі еді. Осылардың ішінде ақмешіттіктердің көңілінен шыққаны Қсымов басшылық жасаған Ұлттық қазақ комитеті болды. Үлгі:Суретсіз мақала
Дереккөздер
Қазақ энциклопедиясы