Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Мұфтах Диаров"
ш (1 түзету) |
|
(айырмашылығы жоқ)
|
23:58, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі нұсқасы
Мұфтах Диаров (9 тамыз 1933 жылы туған, Атырау облысы, Махамбет ауданы, Махамбет ауылы) – геология-минералогия ғылымының докторы (1972), профессор (1979), Қазақстан Ғылым Академиясының академигі (2003). Қазақ тау-кен металлургия институтын (1955, қазіргі Қазақ ұлттық техникалық университеті) бітірген. Индер (Дендер) геологиялық барлау экспедициясында геолог, партия бастығы, бас геолог (1955–64), Қазақ мұнай барлау ғылыми-зерттеу институтында лаборатория меңгерушісі (1964–78), Мұнай және табиғи тұздар химиясы институтында директордың орынбасары, директор, лаборатория меңгерушісі (1978–92), Қазақстан Ғылым Академиясы Батыс бөлімшесінің академик-хатшысының орынбасары (1992–97) қызметтерін атқарған. 1997 жылдан «Атырау–Ғылым» АҚ-ның вице-президенті. Негізгі ғылыми еңбектері Каспий ойпатындағы бор, борлы калий тұздары кендерін іздеу, барлау мәселелеріне арналған. Диаров Дендер күмбезі өңіріндегі ірі-ірі элювийлі борат кендерін, аса ірі Сәтимола борат кенін ашушылардың бірі. Оның зерттеулері негізінде Орталық Каспий калийлі-борлы аймағы жіктелді.<ref name=source1>Қазақ Энциклопедиясы</ref>
Сыртқы сілтемелер
http://www.on.kz/on/community/258/blogpost/3639/
Дереккөздер</span>
<references/>