Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Кісен (сөз)"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
ш (clean up, replaced: С. Сейфуллин → Сәкен Сейфуллин using AWB)
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

23:56, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі нұсқасы

Әдетте, бұл сөзді естігенде малдың аяғына немесе жазалы, қылмысты адамның қол-аяғына салынатын темір бұғау еске түседі. «...қол-аяғы темір кісенде болған Уәли Қангелдин маған хат жазды» (Сәкен Сейфуллин, Шығ.). Ертедегі түркі жазба ескерткіштеріне зер салсақ, сөздің алғашқы түбірі «кіше» етістігі болған да, мағынасы — шырмау, байлау (ДТС, 310). Қазіргі түркі тілдеріндеұйғырларда осы тұлғалас (кіжә) әрі мағыналас сөзді кездестіреміз (Рад., Опыт..., II, 2, 1394). Бергі кездерде осы түбірге -н жұрнағы қосыла отырып, қазақ тілінде «кісен» сөзі осы күнгі мағынаны беретін болып қалыптасқан.<ref>Бес жүз бес сөз.— Алматы: Рауан, 1994 жыл. ISBN 5-625-02459-6</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақала