Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Жібек құртын өсіру"
ш (Alibek2030 Жібек Құртын Өсіру бетін Жібек құртын өсіру бетіне жылжытты) |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
|
23:55, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі нұсқасы
Қысқаша мәлімет
ЖІБЕК ҚҰРТЫН ӨСІРУ – ауыл шаруашылығының табиғи жібек талшығын өндіруге мамандандырылған саласы. Қазақстанда тұт жібек көбелегі, ал басқа елдерде емен жібек көбелегі, т.б. өсіріледі. Ж. қ. ө-дегі өндірістік процестер: жібек көбелегінің жұлдызқұрты қоректенетін тұт ағашын өсіру, жібек көбелегінің жұмыртқаларын өндіру, инкубациялау, жұлдызқұрттарды қоректендіру, пілләні өңдеу. Инкубацияны 150 – 200 қорапқа есептелген (1 қорапта 29 г жұмыртқа болады, одан 58 – 60 кг піллә алынады) инкубаторда жүргізеді. Жұлдызқұрттарды арнайы жайда кесілген жапырақтармен және өркендермен қоректендіреді. Қоректендіру 35 тәулікке (кейбір шаруашылықтарда 22 – 25 тәулікке) созылады. 1 кг піллә алу үшін 17 – 18 кг жапырақ жұмсалады. Піллә түзер алдында жібек көбелегін қоректендіруді тоқтатады. Ж. қ. ө-мен Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облысытарындағы шаруашылықтар айналысады. <ref> Қазақ энциклопедиясы </ref>
Сілтемелер
Дереккөздер
<references />