Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Жыныстық жетілу"
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
ш (1 түзету) |
|
(айырмашылығы жоқ)
|
23:26, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі нұсқасы
Мазмұны
Жыныстық жетілу кезеңінде ұл-қыздарға әсер ететін өзгерістер
- бой өсіп, салмақ қосылып, бұлшық еттер дамиды
- жыныс мүшелері өсіп, тұқым жаю қабілетіне ие болады
- дауыс жуандайды
- терідегі май бездер белсендірек істей бастағаны себепті бетке безеулер қаптап кетуі мүмкін
- тер бездері дамиды
- қолтық асты және қасаға түгі өсе бастайды
- көңіл-күй жиі-жиі өзгеріп тұруы мүмкін
- қарсы жынысқа тартатын күшті сезіле бастайды
Қыздарға әсер ететін өзгерістер
- емшек өсіп, емшек ұштары ілгері созыла бастайды, бұл ауыртпалы болуы мүмкін
- сандары жұмырланады
- жыныс мүшелері дамып, аналық бездері аналық жасушаларды өндіріп шығара бастайды
- жыныстық жетілудің соңғы сатысында етеккір басталады
Ұл балаларға әсер ететін өзгерістер
- кеуде мен иықтары дамиды
- бетке сақал-мұрт өсе бастайды, кеудеде кейде түк пайда болуы мүмкін
- аталық жыныс мүшесі мен аталық бездері ісіп, үлкейеді; аталық бездер ұмаға түсіп, сперматозоидтарды өндіріп шығара бастайды
- аталық жыныс мүшесінің қан тамырлары қанға толғаны себепті эрекция, яни аталық жыныс мушесінің қатаюы жиі-жиі және күтпеген жерде пайда болады
- кейде ұйықтап жатқанда аталық жыныс мүшесі
қатайып, шәуһеттің шашырауы пайда болуы мүмкін <ref>Сартаев А., Гильманов М. С22 Жалпы биология: Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы 10-сыныбына арналған оқулық. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2006. ISBN 9965-33-634-2</ref>
Дереккөздер
<references/>