Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Құрсақ қолқасы"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
ш (clean up, replaced: Пайдаланған әдебиет → Дереккөздер using AWB)
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

23:26, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі нұсқасы

Сурет:Baucheingeweide.png
Құрсақ қолқасы
Құрсақ қолқасы (брюшная аорта); (Үлгі:Lang-la)

— көкеттен (диафрагмадан) кейінгі қолқаның құрсақ қуысындағы жалғасы. Құрсақ қолқасы - омыртқа бағанының төменгі (адамда — алдыңғы) бетінде, артқы (адамда - төменгі) қуыс венаның сол жағында орналасады. Диафрагманың оң және сол аяқшаларының арасымен көкірек қуысынан құрсақ қуысына өтіп, одан әрі жамбас қуысына жеткенге дейін, құрсақ қолқасынан: құрсақ қуысы қабырғасына — қабырғалық (париетальды) артерия тармақтары, ал құрсақ қуысындағы ішкі мүшелерге — іштік (висцеральды) артерия тармақтары бөлініп ажырайды.<ref>Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі/ - Алматы: "Сөздік-Словарь", 2009. ISBN 9965-822-54-9</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:WikifyҮлгі:Stub