Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Гей-Люссак заңы"
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
ш (Нұрлан Рахымжанов Гей-Люссак Заңы бетін Гей-Люссак заңы бетіне жылжытты (айдатқыш қалдырмады)) |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
|
23:26, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі нұсқасы
Гей-Люссак Заңы— негізгі газ заңдарының бірі. Гей-Люссак заңы бойынша берілген газ массасының көлемі тұрақты қысым кезінде температураға сызықты тәуелді болып өзгереді: VtV0(1+Vt), мұндағы V0 және Vt—бастапқы және соңғы темп-ралар кезіндегі газдың сәйкес көлемдері, t — осы темп-ралардың айырмасы, V — газдың тұрақты қысым кезіндегі жылулық ұлғаю коэффициенті (ол барлық газ үшін шамамен 1/273,15 К–1). Гей-Люссак з. тек идеал газдар үшін дәл орындалады. Ал нақты (реал) газдар бұл заңға темп-ра мен қысымның кризистік мәндерінен алыс мәндерінде ғана бағынады. Гей-Люссак з. Клапейрон теңдеуінің дербес жағдайы болып есептеледі. Бұл заңды 1802 ж. француз ғалымы Ж.Л. Гей-Люссак (1778 — 1850) ашқан.
Пайдаланылған әдебиет
“Қазақ Энциклопедиясы”, 2-том