Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Төбені меңгерілуіне және орнықтылығына қарай классификациялау"
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
(Жаңа бетте: '''Төбені меңгерілуіне және орнықтылығына қарай классификациялау''' — төбе жыныстарын олардың ...) |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
|
23:25, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі нұсқасы
Төбені меңгерілуіне және орнықтылығына қарай классификациялау — төбе жыныстарын олардың құрылымдық құрылысына, қопарылғыштығына және бір бағыттық қысымға төзімділік шегіне қарай топтау. Төбе жынысы меңгерілуіне қарай үш классқа бөлінеді:
- — жеңіл меңгерілетін, мұнда көмір қабатының үстінде жеңіл қопарылатын жыныстар жатып, олардың қалыңдығы көмір қабаты қалыңдығынан 6—8 еседен астам болады, ал олардың үстінде аса қопарылмайтын жыныстар орналасады;
- — орташа меңгерілетін, мұнда тікелей көмір қабатының үстінде оның қалыңдығынан 3—6 есе қалыңдығы бар жеңіл қопарылатын жыныстар орналасып, ал оның үстінде аса қопарылмайтын жыныстар жатады;
- — қиын меңгерілетін, бұл жағдайда көмір қабатының жатыc бұрышы 35° дейін болып, жер асты көмір қазу жұмысы кешенді жабдықтармен тау-геологиялық жағдайдың классификациясына сай жүргізілуі тиіс. <ref> Орысша-қазақша түсіндірме сөздік. (Тау-кен ісі, кен байыту және металлургия салалары бойынша) Жалпы редакциясын басқарған Ә. Бектібаев. Алматы: Ғылым, 1999.ISBN5—628—00001—9 </ref>.
Дереккөздер
<references/>