Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Ультрақышқыл жыныстар"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
ш (clean up, replaced: Пайдаланған әдебиет → Дереккөздер using AWB)
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

23:25, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі нұсқасы

Ультрақышқыл жыныстар. Кремний тотығы 75%-тен жоғары болса, жыныстар ультрақышқыл тобына кіреді. Олар — көбінесе аляскиттер мен аляскит-граниттер.Аляскиттер толық кристалды, ашық сұр массивті, тереңде пайда болатын орта түйіршікті, кейде уақ түйіршікті жыныстар болып табылады. Аляскиттердің басты-басты құрамды бөлшектері — калийлі дала шпаты мен кварц; кварц мөлшері кейде 40%-тен асады. Ал плагиоклаз бен түсті минералдар онда жоқ. Аляскиттер керамика жасау үшін және қышқылға төзімді шикізат ретінде пайдаланылады.<ref>Кристаллография, минералогия, петрография. Бұл кітап Абай атындағы Қазақтың мемлекеттік педагогты институтының, география факультетінде оқылған лекциялардың негізінде жазылды, 1990. ISBN 2—9—3 254—69</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақала