Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Газдарды көпсатылы қондырғылармен сығу"
ш (clean up, replaced: Пайдаланған әдебиет → Дереккөздер using AWB) |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
|
23:14, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі нұсқасы
Көпцилиндрлі піспекті сығымдағышпен немесе көп корпусты турбосығымдағышпен жүйелі түрде, газды сығу жүргізіледі де, оның жеке цилиндр аралық салқындатумен немесе корпустарымен атқарылады. Сүлбе және теориялық PV - мұндай сығымдағыштағы сығылу процессінің диаграммасы 5.4 суретте, бір салқындатушы екі сатылы сығылу жағдайы көрсетілген. Мұнда, 4-1 - сығымдағыш, 1 төменгі қысымды (КТҚ) газдың сорылуы; 1-2 - политропты сығылу процессі (КТҚ); 2-5 - сығымдағыш 3 жоғарғы қысымда (КЖҚ) салқындатылған ауаны copy; 1-6 - КЖҚ политропты сығылуы; 6-3 - резервуарға сығылған ауаны айдамалау; 2-1 - көлемнің кемуіне байланысты, P1 = const аралық қысым кезіндегі ауаны салқындату процессі.
Шамалау бойынша, T1 = const ауаның бастапқы copy температура- сына дейінгі, салқындатуы жүргізіледі, яғни нүкте 1 және T1 = const орналасуындағы 1 изотерма.
Суретте (б) көрінгендей, ауаның аралық салқындауы сығу жұмысын кемітеді. Жұмыс үнемділігі штрихталған - 2612 ауданына тең. Бұл жағдайда оптималды аралық P1 қысымы орын алады да, ол кезде, сығылуға жұмсалатын жұмыс болып есептеледі, немесе 121634 ауданы ең төменгі шаманы көрсетеді. КЖҚ және КТҚ-нан екісатылы сығымдағышқа арналған P1 оптималды шамасын табамыз.
Егер, аралық салқындатуды бастапқы T1 температурасына дейін жеткізсе, ал политропты сығылу көрсеткіші n екі цилиндрде де бірдей болады.
Көрсетілген жағдай кезіндегі сығымдағыш үшін, жұмсалынатын (техникалық) сығылу жұмысын:<math>l_T = \frac{n}{n-1} RT_1(\frac{T'_2}{T_1} - 1) + \frac{n}{n-1} RT_1(\frac{T_6}{T_1} - 1) = \frac{n}{n-1} RT_1[((\frac{P'_1}{P_1})^{(n-1)/n} - 1) + ((\frac{P_2}{P'_1})^{(n-1)/n} - 1)]</math>
КТҚ P'1/P1 = π1, қысымның арту дәрежесінің белгіленуі, ал КЖҚ P2/P1 = π2. Бұдан, барлық сығымдағыштар үшін, қысымның арту дәрежесін табамыз:
- π = P2/P1 = (P2/P'1)(P'1/P1) = π2π1
Формуланы қолдана отырып, жұмысты lT қысымның π1, КТҚ қатынасы арқылы, төмендегідей жазамыз:
- <math>l_T = \frac{n}{n-1}RT_1((\pi_1^{(n-1)/n} - 1) + [(\pi \pi_1^{-1})^(n-1)/n - 1])</math>
Төмендегі шарттан, жұмыстың ең төменгі шамасын lT табамыз:
- <math>\frac{dl_T}{d\pi_1} = \frac{d((\pi_1^{(n-1)/n} - 1) + [(\pi \pi_1^{-1})^{(n-1)/n}-1])}{d\pi_1} = 0</math>
бұдан, <math>\pi_{1opt} = \sqrt{\pi}</math>
немесе <math>P'_1/P_1 = \sqrt{P_2/P_1}</math> және <math>P'_1 = \sqrt{P_1P_2}</math>
сонымен қатар, <math>P'/P_1 = P_2/P'</math> немесе <math>\pi_1 = \pi_2</math>
яғни, цилиндрдегі қысым қатынасы бірдей.
Дәл осындай тұжырым, көп санды сығымдағыштың цилиндрінде болуы мүмкін. Цилиндр саны Z кезіндегісі
- <math>\pi_1 = \pi_2 = \pi_3 =... = \pi_z = \sqrt[z]{\pi}</math><ref>Кабашев Р.А. ж. б. Жылу техникасы: Оқулық/ Р.А. Кабашев, А.К. Кадырбаев, A.M. Кекилбаев. -Алматы: «Бастау» баспаханасы, 2008. - 425 б. Суреттері 140 сурет. Библиографиялы тізімі 17. ISBN 9965-814-30-9</ref>
Дереккөздер
<references/>