Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Темірбетонмен қаптау"
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
ш (clean up, replaced: – Алматы, Мектеп, 2002 → – Алматы, «Мектеп» баспасы, 2002 жыл using AWB) |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
|
23:14, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі нұсқасы
Темірбетонмен қаптау — гидротехникалық құрылыстарды темірбетонмен қаптау арқылы судың сүзілуін кеміту тәсілі. Қапталынатын гидротехникалық құрылыстарға — канал, туннель, темірбетонды құбырлар, тезағар, өрлеу жеткізгіш каналдар жатады. Осы гидротехникалық құрылыстарды салу кезінде жасанды құрылыстарды да бетон, темірбетонмен (тезағар, науа, дюкер) қаптайды. Аталған гидротехникалық құрылыстарды қаптау тәсілі — құрылыстың табаны мен жақтауларын арнайы жасалған темірбетонды тақталарды бір-біріне жанастырып, жіктерін су өткізбес битуммен кіріктіру арқылы жүзеге асырылады.<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Су шарушылығы. – Алматы, «Мектеп» баспасы, 2002 жыл.</ref>
Дереккөздер
<references/>