Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Ағынды коэффициенті"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
ш (clean up, replaced: Пайдаланған әдебиет → Дереккөздер, – Алматы, Мектеп, 2002 → – Алматы, «Мектеп» баспасы, 2002 жыл using AWB)
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

23:14, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі нұсқасы

Ағынды коэффициенті (Коэффициент стока) — 1) алаптың ағынды қабатының (һ, мм) алап аумағына жауған жауын-шашын қабатына (х, мм) қатынасы (һ = һ/х). Жауын-шашынның мөлшері, ауаның салыстырмалы ылғалдылығы, топырақ ылғалдылығы, қардың еруі артқан сайын ағынды коэффициенті жоғарылайды да, топырақтың суды сіңіргіштігі мен өсімдіктердің жиілігі артқан сайын төмендейді. Бүл сипаттама аумаққа жауған жауын-шашынның қанша бөлігі ағынды қалыптастыруға камтылатынын көрсетеді;

2) көлем бірлігімен немесе қабаттың миллиметрлік өлшемімен өрнектелген жер беті ағындысы шамасының белгілі бір уақыт ішінде, белгілі бір алаңның өлшем бірлігіне түскен жауын-шашын көлеміне қатынасы. Қазақстанда ағынды коэффициенті 0-ден (Үстіртте) 0,6-0,8- ге (таулы аймақтарда) дейін құбылады.

<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Су шарушылығы. – Алматы, «Мектеп» баспасы, 2002 жыл.</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Суретсіз мақала